ЖАСТАРҒА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ НОРМАЛАР ТҮСІНДІРІЛДІ
«Жастар ресурстық» орталығында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын қолдау жөніндегі «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының Шиелі аудандық өкілдері аудан жастарымен кездесу өткізді.
Аталған кездесуге коалиция өкілдері – Тұрабаев Мұрат Өскенбайұлы, Баймұратова Жібек Орынбайқызы, Досанов Сәбитхан Кемелұлы, Шалекеева Нұргүл Тәңірбергенқызы, Жақыпова Гулдана Көпболсынқызы және Әбдешов Ержан Біржанұлы қатысты. Жиын барысында жаңа Конституция жобасында көзделген негізгі нормалар мен өзгерістердің мәні жан-жақты түсіндірілді. Әсіресе, жастардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сапалы білім алу мүмкіндігін кеңейту, еңбекке қолжетімділік, кәсіпкерлікті қолдау және азаматтық белсенділікті арттыру мәселелері кеңінен қозғалды.
Аудандық коалиция штабының төрағасы Мұрат Тұрабаев жастар кездесудегі сөзінде:" Жаңа Конституция – бұл мемлекеттің негізгі заңының жаңартылған нұсқасы немесе оған енгізілген елеулі өзгерістер жиынтығы.
Конституция – елдің ең басты құқықтық құжаты. Ол мемлекеттің басқару жүйесін,
билік тармақтарының өкілеттігін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттің негізгі қағидаттары мен құндылықтарын айқындайды.Қарапайым тілмен айтқанда, жаңа Конституция – бұл елдің болашақ даму бағытын айқындайтын, қоғам талабына сай жаңартылған негізгі заң", - деп ашық түсіндірді.
Кездесу барысында қатысушылар Конституциялық реформалардың ел дамуына және жастар саясатына тигізер ықпалы жөнінде пікір алмасты. Жастар өз ұсыныстарын білдіріп, өзекті сұрақтарына жауап алды. Мұндай түсіндіру жұмыстары жас буынның құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына серпін береді.
Аталған кездесуге коалиция өкілдері – Тұрабаев Мұрат Өскенбайұлы, Баймұратова Жібек Орынбайқызы, Досанов Сәбитхан Кемелұлы, Шалекеева Нұргүл Тәңірбергенқызы, Жақыпова Гулдана Көпболсынқызы және Әбдешов Ержан Біржанұлы қатысты. Жиын барысында жаңа Конституция жобасында көзделген негізгі нормалар мен өзгерістердің мәні жан-жақты түсіндірілді. Әсіресе, жастардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сапалы білім алу мүмкіндігін кеңейту, еңбекке қолжетімділік, кәсіпкерлікті қолдау және азаматтық белсенділікті арттыру мәселелері кеңінен қозғалды.Аудандық коалиция штабының төрағасы Мұрат Тұрабаев жастар кездесудегі сөзінде:" Жаңа Конституция – бұл мемлекеттің негізгі заңының жаңартылған нұсқасы немесе оған енгізілген елеулі өзгерістер жиынтығы.