Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қойлыбай Әбурақпанұлы

Қойлыбай Әбурақпанұлы

Біздің көрнекті тарихи тұлғаларымыз ұлықтауға әбден лайық. Сөз жоқ, олардың есімін ел жадында сақтау – перзенттік парызымыз әрі жалпыұлттық болмысымызға тән қасиет.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ

Адам баласының бірінші данасы – Сүлеймен, одан кейін көптің батагөйі – Қорқыт, одан соң Қойлыбай.Тегінде Қойлыбай Торғай мен Сыр суының арасында ерте кезде көшіп жүрген. ­Әлкей МАРҒҰЛАН
Қазақ бақсылары жайлы Ш.Уәлиханов: «Қазақтар шаманды – бақсы дейді, шаман сиқырлық қасиеттерімен қатар, білікті, талантты, басқалардан мәртебесі жоғары, ол ақын да, күйші де, сәуегей және емші, сегіз қырлы бір сырлы адам болған. Кез келгеніміз ақын бола алмаймыз. Сол сияқты қазақтарда да көрінген кісі бақсы бола алмайды. Бақсылардың атақтысы – Қойлыбай Әбурақпанұлы, ол бақсылардың бақсысы әрі пірі» деген ғылыми тұжырым жасайды (Ш.Уәлиханов. Таңдамалы. 1985 ж.169–170-бб.).
Бақсылар жөніндегі арнайы зерттеулерінде ақын С.Сейфуллин қазақ даласындағы атақты бақсылар Шақар, Жамансарт, Берікбол, арғын ­Досмырза бақсылардың сарындарын ауыз әдебиетінің жауһарлары санап, халық медицинасындағы орнын жүйелі түрде баяндайды (С.Сейфуллин. «Таңдамалы шығармалары», VI том. Қазақ әдебиеті. Алматы. 1964 ж.).
Бақсы сарындарына ерекше мән берген ғалымдар – А.Байтұрсынов, этнограф Ә. Диваев, француз И.Кастанье, фольклоршы ғалым Ә.Қоңыратбаев. Аты аталған ғалымдардың зерттеулерінен шығатын қорытынды – бақсылық өнер тұқым қуалайтынын – Ш.Уәлиханов айтқандай кез келген кісіге бақсылық өнер қона бермейтінін аңғарамыз.
Қазақ даласын аралаған ағылшын суретшісі Джон Кэстлдің Әбілхайыр хан сарайындағы бақсының ауруды емдеуі жайлы картинасы бар. Ол бақсының үстіне киген киімі бақсы ойынын қызықтап отырған ханның төңірегіндегі кісілерден кем емес. Суретші көзімен көрген бір сәтті көркем шығарма етіп қалдыра білген. Қазақтың атақты бақсыларын кезінде қай таптың өкілдері болмасын пір санаған. Ерекше құрмет көрсетуге тырысқан. Үлкен тойларда төрге отырғызған. Өкінішке қарай, Ш.Аймановтың «Алдар көсе» фильміндегі бақсы әртіс Е.Өмірзақовтың үстіне киген киімі кісі шошырлық аянышты күйде көрсетілген.
Шаман атауы Сібір халықтарында аталады. Сібірлік шамандардан қазақ бақсыларының артықшылығы қазақ бақсылары өз заманының ірі дін иелері, ислам дінінің насихаттаушылары болған. Қазақ бақсылары бақсылық өнерін де бес уақыт намазын қаза қылмай дәрет алып қана орындайтын намазхандар болатын. Әлем халықтарының ішінде арам, адал деген түсінік тек мұсылман халықтарға ғана тән шаралар. Мұсылман дінінің басты қағидасы намазханның жеке басының тазалығына ерекше мән беруінде жатыр. Адал ас ішу, жаңа ғана босанған келіншек бір құман жылы суға шомылып, денесін адалдап, тазаланып алып қана нәрестесін «бісміллә» деп емізетін қазақта ертеден келе жатқан әдет болған.
Сексенінші жылдардың бас кезінде халық медицинасына қатысты телехабарға қатысқан академик, медицина ғылымдарының докторы, профессор Сайым Балуанұлы Балмұханов: «Біздің елдегі бала күндегі өзім көрген халық медицинасының ірі өкілдері, әсіресе бақсылар «қояншық», «талма» ауруларын емдеуде маман кісілер болатын. Кезінде солардың қадір-қасиетін білмедік, «бақсысың», «балгерсің», «қожасың», «молдасың» деп қудалап, 1937 жылдың зобалаңына әкеліп іліктіріп, біржолата құтылдық» дегені бар еді. «Бақсы жыры» деп Қорқыттың қобызын, оның сарынын ең алғаш мұрат еткен кісі – Қойлыбай бақсы. Ол Қорқыттың шәкірті болып саналады. Әуелі бақсы пірі Қорқыт ата: еш қиындықсыз әулие жерленген жерге қалай жетіп қалғанымызды білмей қалдық. Қойлыбай әулиенің жатқан жері елді мекендерден алыс орналасқан екен. Бақсыларды жай кісілер жатқан жерден бөлек жерлейді дейтін еді.
Соңғы жылдары көтерілген кесенесінің жанында бірнеше кісінің зираттарының орны жатыр. Осында келіп зиярат етушілерге арналып салынған шағын екі бөлмелік үйдің төрінде көрпе-төсек жайылған. Қысқасы, «руы Бұлтың қыпшақ делінетін мына кісі Сыр бойында жатса мұндай күйге түспес еді-ау» деген ой келді. Әуликезде Қойлыбайдың руын тексермек түгілі қатар жүрген бір-біріміздің де руымызды сұрамайтын заман еді ғой. Өлкетанушы ағамыздың мақаласын оқыдық та, «Е-е, дұрыс болған екен» дедік те қойдық. Байқоңыр ауылының ақсақалдары жоғарыдағы Сүтемген Бүкіровтің мақаласын еске алды, онымен қоймай, Жезқазған қаласында тұратын Қыпшақ ата ұрпақтарына, оның ішінде елге танымал Әуезхан Мұсабаев, Сарқыт Болатбеков, Төлеу Баянқұлов, Көбейсін Еңсебаев, Шамхан Рахметов, Сары Белгібаев секілді азаматтардың есімін атап: «Сендерді елдің азаматары дейді, текке ӘБУРАҚПАНҰЛЫ ҚОЙЛЫБАЙ «Тілеймін медет бер деп кетсе, Адамнан ер Сүлеймен өткеннен соң Мойнына көп жамағат салған бата».
Негізгі кәсібі сынықшы Қожаберген жыраудың «Ер Қойлыбай» деген тарихи дастаны болған. Осы дастанда Қожаберген жырау былайша толғайды: «Ертеде қыпшақта өткен ер Қойлыбай,
Қолына жүрмейді екен қобыз алмай.
Болған соң сол ерлерден бізге мирас,
Қобызды мен де жүрмін тастай алмай.
Өлеңмен салып жүрмін ою-өрнек,
Жасадым түрлі шөптен дәрі-дәрмек.
Сынықшы Қожаберген атағым бар,
Талайын науқастардың жаздым емдеп.
Біздерге пана болсын, жаппар Құдай.
Және де жүрсін әркез aруақ қолдай.
Қыпшақта Қойлыбайды жырға қос деп,
Түсімде аян берді әкем Толыбай.
Бейітіне Қойлыбайдың түнеген соң
Мінгендей болған екен алтын таққа.
Әкеміз жалбарынған Қойлыбайға
Жау қоршап қиын болған бір жағдайда.
Қалмақты қысылғаңда жеңіп шыққан
Сыйынып Жаңбыршы мен Қойлыбайға.
Кім десең Қойлыбайдың шыққан тегі
Ішінде Орта жүздің қыпшақ елі.
Қойлекең жас шағында емші болып,
Атанған қазағымның кемеңгері.
Алашқа әулие боп шыққан аты,
Қыпшақта Қойлыбайдың Бұлтың заты.
Әкесі Әбурақпан ғұлама екен
Өзгеден артық болған салтанаты».
Атақты Сегіз сері Бәхрамұлының «Қойлыбай көреген» атты тарихи қиcсасы болған. Осы дастанда:
«Бұлтың қыпшақ Қойлыбай, Бағаналы – Барлыбай.
Ашамалы Керейде Марал ишан, Қойшыбай,
Осыларды жырлайтын
Қуат берсең, бір Құдай»,– деген жыр жолдары бар. Қазақ бақсылары пір тұтқан Қойлыбай жөнінде этнограф ғалымдар, ақынжазушылар Ш.Уәлиханов, Ә.Марғұлан, Ә.Диваев, С.Сейфуллин, М.Жұмабаев, Қожаберген жыраулар кеңінен зерделеп, пікір білдірген. Кейінгі жылдары Қойлыбай әулие жайлы жар құлағы жастыққа тимей зерттеп келе жатқан мен білетін бір қаламгер журналист жезқазғандық Шамхан Рахметов. Жезқазған қаласы әкімінің орынбасарының қабылдауында болдым. Қойлыбай әулиенің жатқан жеріне барып зиярат етпек ойымды айттым. Халық медицинасының тарихына арналған бірнеше жинақтың авторы екенімді алға тартып, жарық көрген жинақтарымның бір парасын үстеліне қойдым. Әкімнің орынбасары берген су жаңа Нива автокөлігімен Шамхан Рахметов деген журналисті ертіп жолға шықтық. Құдайдың құдіреті, бірнеше күн жауған жаңбырдан ми батпаққа айналған жолға шыққанымызда бағыт алып келе жатқан жолымыз күшті соққан желдің арқасында кеуіп отырды да енің басынан кештетіп Жезқазғанға оралдық. Сол күнгі әңгіменің тоқетері Шамханға: «Сіз былай етіңіз, Қойлыбай 92 баулы қыпшақтың аға баласы саналатын Бұлтың руына жатады.
Дулыға өзені бойында жатқан Қойлыбай қыпшақтың Бұлтың руынан екені қашаннан халыққа аян. Сендер неге оған иелік етпейсіңдер? Қойлыбай туабітті Қыпшақ болса да найман ағайындар оны бағаналық деп жүр деп қатты сөзге келіп, өкпе-назын білдірді» деп жазылған. «Сыр бойы Шиелі елді мекенінде Оқшы ата деген ескі заманнан келе жатқан мазарат бар. Өмірден өткен Бұлтың деген рудың кісілері көбінесе сол жерге жерленген. Сол мазаратқа жерленген Есабыз әулие деген кісінің кесенесін мен елдің ірі басты кісілерін жұмылдырудың арқасында басын көтердім. Сол елде руы Бұлтың бәленше-түгенше деген кісілер бар. Соларға арнайы барып, мына кісінің басының көтерілуіне әрекет етіңіз, өзіңіздің руыңыз да Бұлтың екен. Оның үстіне журналиссіз», – дедім. Шамхан менің сол жолғы ақыл-кеңесімнен кейін мен атаған елге барып қайтты деп естідім. Соның нәтижесі болар өткен жылы негізгі мамандығы инженер-құрылысшы Темірхан Әлімқұлов деген азамат зиярат етушілерге арнап бірнеше бөлмелі стандартты үй салып берді.
Артынша жезқазғандықтар мен Сыр өлкесінің азаматтары бірлесіп жүздеген киіз үй, палаткалар тігіліп, ас берілді. «Дала тұрғындары қатты қадірлейтін, кей-кейде қорыққанынан сыйлайтын кісінің бірі кәдімгі алаяқ бақсы-балгерлер. Олар көбінесе науқастарды емдеуге шақырылады. Сондай-ақ көріпкелдік қызмет атқарып, әртүрлі көз байлағыш өнерлерін де көрсетеді. Ол келген кезде киіз үйге көп кісі жиналады. Бақсының есінен танғанша селкілдей билеп ойнауы, жындармен тілдесуі, пышақпен шебер өнер көрсете алуы, сондай-ақ біраз өсімдіктің қасиетін жақсы білетіні, әр нәрсеге сенгіш кедей-кепшіктер мен малшылардың аузын аштырып, көзін жұмдырады. Мұндай бақсылар кірген үйінен немесе ауылдан сый-сияпатсыз аттанбайды» деген пікірден аспайтын өзім танитын тарихшылар «қыпшақ болса – қыпшақ, найман болса – найман шығар» деген пікірден аса қоймады.
2023 жылы жарық көрген Шамхан Рахимовтың «Аруақты баба Қойлыбай» деген жинағында белгілі журналист, ақын Жүрсін Ерман 1994 жылдың 27 тамызында Қойлыбай әулиенің асында жасаған баяндамасында Сүтемген Бүкіров деген өлкетанушының мақаласында Мағжан Жұмабаевтың Қойлыбай бақсы әулиені жырға қосқанын Қойлыбайдың руы найман екенін айта келіп, сөз арасында найман ата ұрпақтарын оған қамқорлық жасауға шақырыпты. Ол Бәрін айт та, бірін айт, 2025 жылы шымкенттік меценат, (руы Бұлтың), техника ғылымдарының докторы, Шымкент қаласының Құрметті азаматы Серікжан Сейітжанұлының қаржыландыруымен, инженер-құрылысшы Темірхан Әлімқұловтың жетекшілік етуімен Маңғыстаудың ақ тасынан әуел баста бейітінің үстіне Ұлытаудың аршасы үйілген қабіріне ол маңайда бұрын-соңды болмаған ақшаңқан мазары бой көтерді.
Сонымен қорыта келгенде, «Қойлыбай бақсы туралы ел ішінде көптеген аңыздар мен жүздеген поэмалар бар. Солардың дерегінде ол бағаналық деп келтірілді. Қойлыбай бақсы – қыпшақ руынан шыққан адам» деген түзету енгізілді (Ш.Уәлиханов. Таңдамалы. 2-басылым, Алматы. Жазушы, 1985 ж. 54-бет). Академик Әлкей Марғұлан да Қойлыбай әулиенің емшілігіне, бақсылық өнеріне ерекше баға берді. «Адам баласының бірінші данасы – Сүлеймен, одан кейін көптің батагөйі болған – Қорқыт, одан соң Қойлыбай. Ол хан сарайларында жырлаған, өз заманының атақты жырауы болған. Қойлыбай қобызын әрқашан Жыланшық өзенінің жағасында отырып тартатын болғандықтан Торғай даласында Жыланшық өзеніне құятын бір саланы «Қойлыбай өзені» дейді. Тегінде Қойлыбай Торғай мен Сыр суының арасында ерте кезде көшіп жүрген» (Ә.Марғұлан. «Ежелгі жыр, аңыздар». Алматы. 1985 ж. 212 – 228-бб.). Қазақтың ұлы ғалымы Ш.Уәлихановтың таңдамалы шығармасындағы осы тарихи тоқтамға келу болашақ ұрпақ үшін соңғы нүкте деп санаған жөн болады.

Өтеген Әбдіраман,
тарихшы-этнолог

12 қазан 2026 ж. 26 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (9444).

10 қазан 2026 ж.

№76 (9443)

06 қазан 2026 ж.

№75 (9442)

03 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031