Әлкей Марғұланның туғанына 120 жыл толды
Бүкiлодақтық география қоғамының толық мүшесi, Қазақ КСР-iнiң еңбек сiңірген ғылым қайраткерi, филология ғылымының докторы, елімізде археология ғылымының негiзiн қалаған Әлкей Марғұланның туғанына бүгін 120 жыл толып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлкей Марғұланның бастамасымен Шоқан Уәлиханов шығармаларының 5 томдық толық академиялық жинағы жарық көрген. Оның фольклорлық зерттеулерінің маңызы зор. «Қазақ халқының эпикалық жыр дастандары» тақырыбында диссертациялық ғылыми еңбегі жоғары бағаланды. Ал «Қазақ халқының көне замандағы ақындық өнерiнiң шеберлерi» атты еңбегiнде эпикалық жыр дәстүрiн дамытқан ақындарға, шебер орындаушыларға, сал-серiлерге тоқталып, олардың сөз өнерiндегi орнын айқындаған.
Сондай-ақ «Мәшһүр Жүсiп мұрасындағы түркi эпосы», «Әлiшер Науаи және қазақ мәдениетi», «Мұхаммед Хайдар Дулати — тарихшы», «Шоқан Уәлиханов және Орта Азия тарихы», «Декабристер және Қазақстан», «Суворов», «Жамбыл Жабаев» секілді еңбектерi жарық көрдi.
Әлкей Марғұлан тарих, археология, этнография, әдебиет, өнер және металлургия саласына қатысты 300-ден астам ғылыми-зерттеу жұмысын, 100-ден астам энциклопедиялық мақала жазған.
Сонымен қатар ол Қазақстанның этнографтарының, археологтарының, тарихшыларының бiрнеше буынын баулыды.

Фото: Үркер журналы