Братиславада қазақ тілі курстары мен қазақ әдебиеті кітапханасы ашылды
Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамы қарсаңында Қазақстанның Словакиядағы Елшілігінде тегін қазақ тілі курстары мен қазақ әдебиеті кітапханасы ашылды.
СІМ
Сабақтарды аптасына екі рет білікті мамандар – қазақ тілі мұғалімі Жазира Байжұманова мен филолог Сұлтан Қамалиден жүргізеді. Қазақ тілін үйренгісі келетіндердің барлығына ыңғайлы болу үшін курстар екі топқа бөлінеді – словак және орыс тілдерінде оқытатын топтар. Сабаққа жеке қатыса алмайтындар үшін сабақтардың онлайн трансляциясы ұйымдастырылады. Қазақстанда шыққан қазақ тілі оқулықтарын елшілік қамтамасыз етеді.
Қазақстанның тарихы мен мәдениетімен танысқысы келетіндердің қауымы үшін Қазақстанның Словакиядағы Елшілігі жанынан қазақ әдебиетінің кітапханасы ашылды. Кітапхана қорында хакім Абай, Мағжан Жұмабай, Мұхтар Әуезов, Ілияс Есенберлин, Әбдіжәміл Нұрпейісов және басқа да қаламгер классиктердің қазақ, словак, чех, орыс және ағылшын тілдеріндегі кітаптарының мол жинағы бар.
ХХ ғасырдың екінші жартысында Чехословакияда жарық көрген сирек кітаптар жинағы, оның ішінде «Абай жолы» романы мен «Қарақыпшақ Қобыланды» дастанының словак аудармалары үлкен қызығушылық тудырады. Елшілік кітапханасында қазақтың көрнекті тәуелсіздік жолындағы күрескерлері Ахмет Байтұрсынұлы мен Әлихан Бөкейханның толық шығармаларының жинақтары һәм Алаш қозғалысының тарихынан сыр шертетін кітаптар ерекше орын алады.
Оқушылар мен студенттердің пайдалануына кітапхана қорында төрт томдық «Қазақстан тарихы» оқулығы, он томдық «Жыр маржаны» қазақ халық және төл поэзиясының жинағы, сондай-ақ қазақ тілі, музыка және бейнелеу өнері бойынша кітаптар бар. Кітапхана демалыс күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 9:00-ден 15:00-ге дейін оқырман қауымына ашық. Оқырмандардың ыңғайлығы үшін елшіліктің қорында бар кітаптардың тізімдемесі жасақталды.
Братиславада қазақ тілі курстары мен қазақ әдебиеті кітапханасының ашылуы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен оның шетелдегі мекемелерінің қазақ диаспорасының мәдени, білім беру және тілдік қажеттіліктерін қанағаттандыру мен шетелде Қазақстанға қызығушылықтың артуына байланысты.