Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖЕТІ ЖҰРТТЫҢ ТІЛІН БІЛ

ЖЕТІ ЖҰРТТЫҢ ТІЛІН БІЛ


Жуырда №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейде өткен «Үштілділік дәуір талабы, заман қажеттілігі» атты семинар кеңестің мақсаты – қазақстандықтардың үш тілді еркін меңгеруі туралы идеяны тәжірибе жүзінде іске асыру, пікір алмасу болды.
Жиынды мектеп-лицей директоры А.Қаракеева ашып, алғысөзді аудандық білім бөлімінің тілдер жөніндегі әдіскері Ә.Тәжиева алды. Қатысушылар «Жаңартылған білім беру мазмұны – рухани жаңғырудың негізі» әдістемелік көрмесін аралап көріп, қажетті, қызықты материалдарымен, әдістеме, ұсыныстарымен танысты. Онан соң, «Тілдер әлемі. В мире языков. In the world of language» залының ашылуы (презентациясы) өтті. Одан әрі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ж.Әдірахманова, орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі А.Сыздықова, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қ.Қуанышбаевтар тіл туралы ойларын ортаға салды. «Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі – цифрлық технологиялар заманына жасалған оң қадам» тақырыбында ТЕД форматында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Рүстемова дәйекті сөзімен тыңдармандарын серпілте білді. Ал, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі М.Бакебаев ағылшынша шебер сынып сабағын өткізді. Сондай-ақ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Әйтпенбетова, орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Қ.Нұрмағанбетова, ағылшын пәнінің мұғалімдері Қ.Рысбекова мен А.Құлтаевалар «Тіл – тану, түсіну, даму құралы» тақырыбында ықшам сабақтар өткізіп, білім деңгейлерін танытты. «Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі» тақырыбын басшылыққа алып, коучинг формасында өтіп, орыс тілі пәнінің мұғалімі Г.Шамшатова, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Л.Жайсаңбаева, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі С.Исмаиловалар семинарға қатысушыларды нанымды ой-пікірлерімен тәнті етті. Семинар соңында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Л.Ахметова рефлекция жасады. Ол ағылшын тілін жетік меңгергендігін көрсетті.
«Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар – қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі» деген болатын Елбасы Н.Назарбаев. Аудан мұғалімдерінің басқосулары жаңа педагогикалық идеяларға, тіл игерудің әдістемелігіне толы болды. Семинардың жоғары дәрежеде өтуіне мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиет және ағылшын тілі пәндері бірлестіктерінің жетекшілері А.Динбаева, Ұ.Нұртаева, Л.Жүнісовалар атсалысып, аудан мұғалімдеріне ұйытқы болса, білім бөлімінің осы тілдер бойынша әдіскері Ә.Тәжиева жігерлілік танытты. Семинар жұмысына аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Г.Достиярова, облыстық «Кызылординские вести» газетінің тілшісі М.Ибрашев, №46 мектеп-лицей директоры А.Қарекеева, №148 қазақ орта мектебінің директоры О.Шорабаевалар қатысып, ой-пікірлерімен бөлісті. Көп тіл білген қандай жақсы. «Жеті жұрттың тілін біл!..» деген де бар.

Өркен Исмаил,
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының
Шиелі аудандық филиалының төрағасы.
19 маусым 2018 ж. 4 453 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930