ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
"ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ: ЖАҺАНДЫҚ КӨЗҚАРАС ЖАҒДАЙЫНДА ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ" ТАҚЫРЫБЫНДА
ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
Жалпыазаматтық және ұлттық құндылықтардың оқу тәрбие үдерісінде жүзеге асырып, қосымша білім беру бағытында Үйірме жұмыстарын ұйымдастырудың жаңа форматын қарастыру мақсатында облыстық оқу орталығында ұйымдастырлған шараға қосымша білім беру мекемелерінің директорлары қатысты.
Балалар технопарктерінде техниканы модельдеу, робототехника, биотехнология, өндірістік дизайн, энергетика, , ақпараттық технологиялар, бағдарламалау, компьютерлік аннимация, видеомонтаж және басқа білім беру бағдарламалары туралы таныстырылған шарада
Облыстық оқу-әдістемелік орталығының директоры
Асқаров Сырым "Төртінші өнеркәсіптік революция: жаһандық көзқарас жағдайында қосымша білім беруді ұйымдастырудың тиімді тәсілдері",ҚББОӘО «Робототехника» үйірмесінің жетекшісі Сариев Раушанбек
"Робототехниканың түрлі жиынтықтары арқылы жаңаша модельдеу" ,№4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты «Информатика» пәнінің мұғалімі
Жүсіп Дінислам "Бағдарламалау курсын жүргізуде «Марафон» технологиясын қолдану", Қызылорда қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің «Информатика» пәнінің мұғалімі Ахметов Серік
"Программалауды оқытуда Робототехниканы пайдалану,
№9 Білім-инновация лицей интернаты «Информатика» пәнінің мұғалімі Алдаберген Досжан " mBot programming"
Облыстық оқу орталығы «Электронды оқыту жүйесін дамыту» бөлімінің меңгерушісі Алшагирова Ақтоты "bilimland, i-test, twig-bilim, i-mektep,kitap.kz сандық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану" тақырыптарында тәжірибе бөлісіп, №15 мектеп-лицейдің "Ізденіс" жасыл академиясында практикалық шараға қатысып, жылыжай жұмыстарымен, өнімді шығару технологияларымен танысты.