Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Назарбаев 2018-2019 оқу жылдары қосымша 20 мың білім грантын бөлуді тапсырды

Назарбаев 2018-2019 оқу жылдары қосымша 20 мың білім грантын бөлуді тапсырды



Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі Парламент палаталарының бірлескен отырысында жоғары білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселесін көтеріп, бірқатар шартты атап өтті.
«Бүгінде ел ЖОО-ларында 530 мыңнан астам жастар оқиды, оның 30 пайыздан астамы мемлекеттік грант есебінен білім алады. Білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін келесідей шараларды ұсынамын: 2018-2019 оқу жылдары қосымша тағы 20 мың грант бөлуді тапсырамын, яғни жыл сайын 54 мың грант бөлетін боламыз. Оның 11 мыңы, егер одан да көп қажет болса сұранысқа ие бакалавр бөліміне техникалық мамандықтарға бөлеміз. Бұл дегеніміз төртінші өнеркәсіптік революция шартында жаңа экономикаға қажетті мыңдаған мамандарды дайындауға мүмкіндік береді. Ең бірінші инженерлерге, ақпараттық технология, робототехника және нанотехнология саласына көңіл бөлінеді. Бұл жастарға деген мемлекеттің жасап отырған қамқорлығы деп білемін», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
өскен өңір
05 наурыз 2018 ж. 1 078 0