Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдаудың мазмұны – терең, мақсаты – айқын

Жолдаудың мазмұны – терең, мақсаты – айқын


Жаппай жаһандану кезеңінде қоғамның барлық салаларын цифрландыру, заманауи технологияларды енгізу жайында сөз өрбіткен облыс әкімі Қ.Көшербаев келешекте математикалық білімі бар мамандар сұранысқа ие болып қана қоймай, еліміздің жаңа бағдарын жасайтынын тілге тиек етті. Осы ретте, «Қазақстан-2050» Стратегиясын, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын бір-бірінен ажыратып қарауға болмайды. Бұл озық отыздыққа апаратын жолдағы баспалдақтар. Қазақстан тәуелсіздік жылдарында әлемге өзінің тұрақтылығы мен бірлігін танытып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне қаңтар айы­нан бастап төрағалық етуде. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы АҚШ-қа ресми сапармен барып, сол елдің Президенті Дональд Трамппен жаһандық қауіпсіздік, аймақтық тұрақтылық, экономикалық қатынас, энергетика мәселелерін талқылады.
Ал, жуырда ғана облыс әкімі Қ.Көшербаев Татарстан Республикасына іссапармен барып, олардың тың жаңалықтарымен танысты. Ол туралы аймақ басшысы: «Татарстан Республикасы бүгінде ақпараттық және сандық технологиялар дәуірінде осы бағыт бойынша тек ресейлік қана емес, посткеңестік елдер ішінде көшбасшы болып табылады. Сондай-ақ, Иннополис «ақылды қаласында» тіпті мектеп оқушыларының өзі 3D-принтерлерді қолданып жүр. Осы орайда облыс әкімінің арнайы білім гранттары бөлініп, Елбасы Жолдауында көрсетілген болашақта сұранысқа ие болатын кадр­ларды дайындайтын боламыз», – деді. Одан әрі отырыс барысында лауазымды тұлғаларға облыс мектептерін интернет және видеоқұрылғылармен қамтамасыз етіп, балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісін құру және жас ғалымдарға ғылыми гранттар аясында квота бөлуді жүйелі қолдану бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.
Жаңа Жолдау шеңберінде жұмыс істейтін және басқа да жоспарланған шаралар туралы облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов, Ы.Жақаев атындағы күріш шаруашылығы қазақ ғылыми-зерттеу институының бас ғылыми қызметкері, «100 жаңа есім» бағдарламасының жеңімпазы Александр Подольских, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Индира Ақжігітова, «Orda Glass Ltd» ЖШС басқарма төрағасы Ержан Сағымбаев және Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі Сәбит Ибадулла баяндады.
Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі міндеттерін талқылауға бағытталған актив жиынында облыс жастарының келешекте Қазандағы ІТ-мамандар даярлайтын Иннополис айрықша экономикалық аймағында білім алуы үшін арнайы гранттар тағайындалып, жуық арада өзара ынтымақтастық жөнінде бірлескен Жол картасы қабылданатыны да айтылды. Сонымен қатар, жаңа формация мамандарын даярлау бойынша облыс көлемінде жұмыс басталғанын атап өту керек. Мысалы, осы жылдан бастап жыл сайын М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде жастардың «Киберқауіпсіздік» және «Процестерді математикалық модельдеу» мамандықтары бойынша білім алуына 20 грант бөлінеді. Сондай-ақ, сұранысқа ие мамандарды даяр­лау мақсатында Майкрософтпен келісім бар және МИСИС-мен Қызылордада машина жасау саласындағы жаңа материалдар мен технологияларды әзірлеуге арналған 3D-баспа технологиясын қолданатын бөлімдер құру бойынша ғылыми-зерттеу және өндірістік-технологиялық Мәскеу орталығын құру туралы келіссөздер жүргізілуде. Айта кетейік, цифрлық шешімдердің көшбасшысы, қытайлық Huawei компаниясымен «Ақылды қала» технологиясын енгізу бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр.
Облыс әкімі Қ.Көшербаевтың Татарстан Республикасымен орнатқан келісімі аясында ІТ-технологияны жетік меңгерген мамандар қатары қалыңдамақ. Бүгінгі таңда Ресейдің жетекші техникалық жоғарғы оқу орындарында 500-ге тарта қызылордалық түлек жаңа технология бойынша білім алуда. Демек, облыс экономикасына сандық технологияны енгізетін мамандар бой көрсететін болады. Сондай-ақ, актив жиынды қорытындылаған облыс әкімі мемлекеттік орган басшыларына Жолдауды жан-жақты жүзеге асыру бойынша нақты міндеттер жүктеді.

Гүлнәр ДҮЙСЕБАй.
23 қаңтар 2018 ж. 1 287 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031