Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ынтымақтастыққа қол қойылды

Ынтымақтастыққа қол қойылды

Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдау­ында ІТ-технологияға басымдық беріп, барлық жүйені цифрландыруды қолға алуды тапсырған болатын. Осы бағытта Қызылорда облысының әкімдігі және Татарстан Республикасының Үкіметі арасында ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойылды.
Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауына қарағанда, қаңтар айының 18-і күні Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бастаған қызылордалық делегация Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласына жұмыс сапарымен барды. Сапардың негізгі мақсаты ІТ саласы бойынша ТМД елдері ішінде ең үздік саналатын осы елдің тәжірибесін үйреніп, оны Сыр өңіріндегі озық технологияға негізделген жобаларға енгізу.
Делегацияның құрамында аймақтың ІТ, денсаулық сақтау, білім, ауыл шаруашылығы салаларының жауапты мамандары бар. Олар өз салалары бойынша Қазан қаласындағы нысандарды аралап, әріптестерімен тәжірибе алмасты.
22 қаңтар 2018 ж. 1 138 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930