Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы: мониторинг жұмысы жүргізілді

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы: мониторинг жұмысы жүргізілді

«AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова және мобильді топ мүшелерінің қатысуымен мемлекеттік балабақшалар мен сауда орындарына мониторинг жұмыстары жүргізілді. Шараның негізгі мақсаты — ерекше қажеттілігі бар азаматтардың еркін жүріп-тұруына, білім алып, қызмет алуына тең мүмкіндік жасау. Бұл – инклюзивті қоғам қалыптастыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі.

Мониторинг барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандустардың, көтергіш құрылғылардың, арнайы белгілер мен жолақтардың, санитарлық тораптардың қолжетімділігіне назар аударылды. Сонымен қатар, нысан қызметкерлерінен инклюзивті қызмет көрсету жайлы мәліметтер алынды.

Бұл жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.

#AMANAT
#KPK
#кедергісізкелешек
03 қараша 2025 ж. 129 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9363)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (9362)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031