«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ «РУ-6 КЕН БАСҚАРМАСЫ» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ БАЛАЛАРҒА ТАРТУЫ...
"1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күнін" мерекелеумен қатар «Family day» қайырымдылық акциясы, "Нұр Отан - балаларға" Республикалық акциясы және партияның «Бақытты отбасы – Бақытты балалық шақ», «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға сый жасады.
«Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» - партиялық жобасының мақсаттары мен міндеттерін орындау аясында және де басқа да партиялық жобаларға «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалына қарасты «РУ-6 Кен басқармасы» Бастауыш партия ұйымы үнемі демеушілік көрсетуде - алдыңғы қатардағы бірден-бір белсенді ұйым.
«Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Әшім Оразбекұлының қатысуымен өткен қайырымдылық шарасында «РУ-6» мекемесінің өкілі Серік Сәдуақасұлы 7 мүмкіндігі шектеулі балаларға мекеме тарапынан демеушілік көрсетіп, ақшалай сыйлық табыстады.
Шараның мақсаты Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға қамқорлық көрсету қажеттілігі туралы қоғамдық пікірді қалыптастыру, оларды белсенді әлеуметтік және экономикалық өмірге тарту.