Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ

БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ

ШИЕЛІДЕ «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘНЕ МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ
1 маусым - Балаларды қорғау күні. Бұл балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты және жыл сайын күтетін басты мерекелерінің бірі.
Жаздың жаймашуақ алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін бұл мерекенің тарихы әріде. Әлем назарын бүлдіршіндердің құқығын, өмірі мен денсаулығын қорғауға аудару мақсатын көздейтін халықаралық мерекенің маңызы зор.
Бүгін аудандық мәдениет үйінде «1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай ұйымдастырылған шарада «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Әшім Оразбекұлы сөз алып, ел ертеңі – жастар үшін, бүлдіршіндердің жарқын болашағына қамқорлық жасау аға буынның парызы екендігін атап, бүлдіршіндерді мерейлі мерекемен құттықтады.
«Нұр Отан – балаларға» Республикалық акциясы және партияның «Бақытты отбасы – Бақытты балалық шақ» жобасы аясында аудан әкімдігінің қолдауымен талантты, өнерлі және білімді балаларға бағалы сыйлықтар табысталды. 
Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың қарауындағы бүлдіршіндерге балмұздақ пен тәтті шырындар таратылды.
01 маусым 2018 ж. 2 175 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930