Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бақытты балалық шақ

Бақытты балалық шақ



«1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесі қарсаңында Шиелі аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің ұйымдастыруымен 24 мамыр күні «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік шара өтті.
Аталмыш шараға «Береке» сауда орталығына қарасты «KIDS PARK» ойын-сауық орталығы демеушілік жасап, түзету жұмысымен қамтылған білім алуда ерекше қажеттіліктерге ие балаларды қуанышқа бөледі. Мерекелік шараны ППТК меңгерушісі С.Зейнабилова ашып, жүрекжарды лебізін білдірді. Түзету жұмысымен қамтылған 35 бүлдіршін би билеп, ойын-сауық орталығындағы аттракциондарда ойнады. Әрбір баланың бейбіт күнде, ашық аспан астында алаңсыз ойнап, тыныш ұйықтауы үшін мемлекет бар жағдайды жасап келеді. Балаларды қорғау күні мерекесі аясында жасалған бұл шара да соның бірі көрінісі.

Г.ӘБДІХАНИҚЫЗЫ.

29 мамыр 2018 ж. 4 208 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

№31 (9398).

28 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031