Әрбір бала бір жұлдыз
Жуырда «Арман» мәдениет үйінде «Жұлдызай» балалар шығармашылығының аудандық кезеңі өтті. Аталмыш сайысқа әр мектептен оқушылар қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Бұл сайыстың негізгі мақсаты – балалардың шығармашылық дарынын шыңдап, тұлғаның өзін өзі дамытуы, қарым қабілетін жүзеге асырып, өнерге қызығушылығын арттыруы болып табылады. Сондықтан, «Жұлдызай» республикалық балалар өнер фестивалі шығармашылықтағы, өнердегі таланттарын көрсетуге тамаша мүмкіндік береді.
Рухани кештің шымылдығын «Жұлдызай» фестивалінің республикалық кезеңінен бас жүлдені алған Айзада Сауранбек «Желсіз түнде жарық ай» атты әсем әнмен түрді. Шиелі аудандық педагогикалық-медициналық психологиялық консультация мекемесінің меңгерушісі Г.Тымбаулиева басқарып отырған мекеме мамандары мен ауданда биылғы оқу жылында ашылған түзету кабинетінің мамандары бірлесе отырып, бұл шараны өте қызықты ұйымдастырды. №148 орта мектебінен келген Ж.Жүсіп «Балдәурен» әнін әуелете шырқаса, Ш.Талғатқызы «Аққу» биін бұрала биледі. №155 мектептен А.Нәрзілда «Қыдырып қайтайық» көңілді әнімен көрермендер көңілін көтерсе, №244 мектептен қатысқан С.Қозайдаровтың «Менің әкем жақсы адам» атты жүрек толқынысымен шырқаған сазды әні еріксіз көзге жас алдыртты. Осы мектептің оқушылары Б.Хожамұрат, Н.Хожамұраттың «Заманауи» билеріне көпшілік қуана қол соқты. Ал, №156 мектептің оқушысы Н.Қошқаров «Ана, әке», №158 мектептің оқушысы Р.Қалдыбай «Біз Отанның ұланы» әндерін шырқаса, №206 мектептің оқушысы Ә.Қосымов «Жастар» биімен, №157 мектептің оқушысы А.Жақсылықова «Менімен биле» әндерімен залды шаттыққа бөледі. Аталмыш шараға ТОО «BANAS» директоры А.Ибадуллаев және кәсіпкер А.Бердібаев демеушілік жасап, балаларға сыйлықтар үлестіріп, қуанышқа бөледі.
Жүрегі мейірім-шапағатқа, жан жылулығына толы, бала бойындағы шығармашылық шоқты үрлеп жандырып, «Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет», – деген қағиданы естен шығармай, аянбай еңбек етіп жатқан ұстаздар қауымының еселі еңбегінің көрінісі болды.
Гүлжанат Манабаева, №155 Д.Шыныбеков
атындағы орта мектептің педагог-психологы.