Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » бірлік түбі – береке

бірлік түбі – береке

«Арман» мәдениет үйінде ынтымақ және Ұлы Жеңіс күндеріне орай «Елдің тірегі – бірлікте» атты мерекелік іс-шара өтті.
Бұл шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында болды. Шара аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің үйден әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлері ұйымдастырды.
Мұндағы негізгі мақсаты – бала­лар­ға ынтымақ, дос­тық, сүйіспеншілік секілді құндылық­тардың маңыздылығын түсіндіру болды. Сондай-ақ, өзара достыққа, бауырмалдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелей отырып, патриоттық сезімін арттыру көзделді. Көп түкірсе, көл дегендей, демеушілердің көмегімен балаларға заттай және ақшалай сыйлықтар табысталды. Мерекелік шара барысында бөлім басшысының орынбасары Ж.Қажымұқанұлы іс-шараны қорытындылап, балаларды мерекемен құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады.

Жұлдызай
Ноғайбайқызы.
20 мамыр 2018 ж. 1 762 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9445)

13 қазан 2026 ж.

№77 (9444).

10 қазан 2026 ж.

№76 (9443)

06 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031