Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Суретшілер сайысы

Суретшілер сайысы


Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Елбасының «болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында аудандық орталық кітапханада «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік тірегі» атты жас суретшілер байқауы өтті.
Жас қылқалам шеберлерінің шығармашылығын арт­тыру, оларға қолдау білдіріп, болашаққа бағыт беру­ді мақсат тұтқан сайысқа аудандағы №46, №219, №45, №47, №48 мектептерінен 15 оқушы қатысты. Әрқайсысы тәуелсіздікті өз шеберліктерімен, қиялындағы ғажайыптарымен үндестіре отырып қағаз бетіне түсірді. Оларға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрболат Абусадиров, ҚР Мәдениет қайраткері, суретші Рахманберді Ибраев және аталмыш бөлімнің бас маманы Жадыра Отарбаева әділ бағасын беріп, жеңімпаздарды анықтады.
Байқау қорытындысында қатысушылардың ешбірі марапатсыз қалмады. Барлық өнерпаздарға алғыс хаттар, жүлделі орындар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Г.СӘБИТҚЫЗЫ.
20 желтоқсан 2017 ж. 2 330 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930