Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАС СУРЕТШІЛЕР БАЙҚАУЫ

ЖАС СУРЕТШІЛЕР БАЙҚАУЫ


Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласы аясында аудандық орталық кітапханада «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік тірегі» атты жас суретшілер байқауы өтті.

Жас қылқалам шеберлерінің шығармашылғын арттыру, оларға қолдау білдіріп, болашаққа бағыт беруді мақсат тұтқан сайысқа аудандағы №46, №219, №45, №47, №48 мектептерінен 15 оқушы қатысты. Әрқайсысы тәуелсіздікті өз шеберліктерімен, қиялындағы ғажайыптарымен үндестіре отырып қағаз бетіне түсірді. Оларға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы – Нұрболат Абусадиров, ҚР мәдениет қайраткері, суретші – Рахманберді Ибраев және аталмыш бөлімнің бас маманы – Жадыра Отарбаева әділ бағасын беріп, жеңімпаздарды анықтады.
Байқау қорытындысында қатысушылардң ешбірі марапатсыз қалмады. Барлық өнерпаздарға алғыс хаттар, жүлделі орындар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Г.СӘБИТҚЫЗЫ.
13 желтоқсан 2017 ж. 2 206 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

№55 (9422).

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31