Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫНА – 30 ЖЫЛ

АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫНА – 30 ЖЫЛ

Бүгінде қоғамда өзіндік орыны бар іргелі ұйым өңірдің саяси, әлеуметтік- экономикалық дамуына белсенді атсалысып келеді. Қоғамдық бірлестіктің 30 жылдығы ауданда кеңінен аталып өтті. Аудандық ардагерлер ұйымы елдің бірлігі мен ынтымағына, экономика мен әлеуметтік дамуына, жастардың адамгершілік және патриоттық рухта тәрбиелеу жолында сүбелі үлестерін қосып келеді. Бұл іргелі ұйым бүгінде өңірдегі барлық іс-шараларға бастамашы болып, өз үлестерін қосып та жүр.
Мерекеге орай аудандық мәдениет үйінде аудан әкімінің қолдауымен, «Шиелі-Самғау» жастар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қарттардың да өнерге бар таласы» атты 58 жастан асқан өнерлі ардагерлер арасында байқау өтті. Шараны аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов ашып:
–Көпұлтты халқымыздың ынтымақта, бірлікте өмір сүруіне, экономиканың артуына, еліміздің нығаюына, жастарды тәрбиелеуде үлес қосып келесіздер. Сондықтан, осы еңбектеріңізге алғыс айта отырып, мерекемен құттықтаймын, – деді.
Сайыс эстрадалық дуэт орындау және халықтық ән салу жанрлары бойынша өтті. Алғашқы байқауда І орынды сұлутөбелік өнерлі қариялар Ш.Ибрагимова мен Ғ.Балтабаева иеленсе, ІІ орынды Тартоғай ауылынан З.Жалғасбаева, Қ.Ермаханова және ақмаялық М.Есенбекова мен О.Балтабаевалар місе тұтты. Ал, жүлделі ІІІ-орын Бәйгеқұм ауылынан келген Н.Есжанова, Қ.Сыздықоваға және Байсын ауылының тұрғындары Д.Оразымбетов, К.Тоқпанбетоваларға бұйырды.
Келесі сайыс кез келген аспапта халықтық ән орындау кезеңінде Ы.Жақаев ауылынан Т.Дүйсебеков пен Қарғалы ауылы П.Ізмәмбетұлы тең түсіп, І орынды иеленді. ІІ-орынды Нартай ауылынан Р.Қалымбетова, ІІІ-орынды Жөлек ауылынан О.Алтынбекова еншіледі. Қатысушыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Г.СӘБИТҚЫЗЫ.
12 желтоқсан 2017 ж. 1 612 0