Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа бастама жастарға қуаныш сыйлады

Жаңа бастама жастарға қуаныш сыйлады

2017 жылдың 27 жұлдызы аудан жас­тары үшін айтулы мерекелік күн болды. «Ақсарай» мейрамханасында аудан жастарының басын біріктірген жыл қорытындысының «Жаңа бастамалармен жарқын болашаққа» атты аудан жастарының балы өтті. Аталған шараға аудандағы ірі кәсіпорындар, мекемелердің, жастармен жастар ұйымдарының және БАҚ өкілдері қатысты. Жастар балы ауданның белсенді жастарынан құралған жұптық вальс биімен басталды. Балды аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов құттықтау сөзімен ашып беріп, барлық қонақтар мен кешке қатысушы жастарды алғаш рет өткізіліп отырған балдың өтуімен құттықтады. Сонымен қатар ауданның экономикасы мен әлеуметтік дамуына, мемлекеттік жастар саясатына үлес қосып жүрген бірқатар жас­тарды аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Сондай-ақ, А.Әбілқасымұлы аудандық оқушылар парламентінің жаңадан сайланған депутаттарына арнайы төсбелгі мен куәлік тапсырды.
Балдың ерекшелігі ретінде аудан әкімінің «Сәнді жұп», «Жарасымды жұп», «Романтикалық жұп», «Көңілді жұп», «Ханзада» мен «Ханшайым» номинациялармен марапатталса, марапат иелеріне аудандағы жас кәсіпкерлер арнайы сыйлық табыстады. Кештің соңы шоу бағдарламаға ұласып, арнайы лотерея ойындары және ВИА «Астана-шоу» тобының 1980-1990 жылдардағы жанды дауыстағы ретро әндерімен жалғасты.
30 қараша 2017 ж. 1 451 0