АУДАН БАСШЫСЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Қоғамның ең белсенді тобы – жастардың саналы ойы мен пікірлері қашан да маңызды. Сол себепті біршама уақыттан бері аудан басшысы мен жастардың кездесуі дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Тұшымды пікір мен маңызды ұсыныстарға, емен-жарқын әңгімеге негізделген кезекті басқосу тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында аудандық мәдениет үйінде өтті. «Рухани жаңғыру: жарқын болашаққа қадам» тақырыбында аудан әкімі Әшім Оразбекұлы ауданның бір топ белсенді жастарымен кездесті. Жиынға білім, спорт, мәдениет, денсаулық салаларының жас мамандары, аудандық жастар және оқушылар парламентінің депутаттары, жастар ұйымдарының жетекшілері, барлық ауылдық округтердегі белсенді жастар қатысты.
– Әрбіріңіз Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жатқа білулеріңіз керек, ол барлығыңыз үшін ұран болуы қажет. Сондай-ақ, бүгінгі жастар жылтыр, жаттанды жалаң сөздерден арылып, шынайы сөйлеуді үйренуі тиіс. Ол үшін білім алып, тарихымызды жатқа оқып білулеріңіз маңызды. Себебі, жастары белсенді елдің ертеңі жарқын. Сондықтан, сіздерді қоғамдағы барлық салаға атсалысып, тәуелсіздіктің тұғырлы болуы жолында аянбай еңбек етуге шақырамын», – деді аудан әкімі.
Кездесу барысында Ә.Оразбекұлы еліміздің болашағы жастарды жан-жақты демеуде Елбасының өзі үлкен көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Оған қоса табысты әрі абыройлы еңбек ету және жетістіктерге жету жолындағы тәжірибесімен бөлісті. Өз кезегінде белсенді жастар түрлі сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасудан үлкен әсер алды. Әсіресе, «Жас Отан» жастар қанаты аудандық бөлімшесінің басшысы Ақсамал Рысбаеваның «Кентімізде жастардың емін-еркін бас сұғатын, түрлі танымдық және мәдени шараларын еш кедергісіз өткізе алатын «Жастар сарайы» ашылса екен» деген ұсынысын аудан әкімі ерекше қолдады.
Кеште өнерлі жастар әсем ән шырқап, Ы.Боранбайұлы тәуелсіздік жайлы өлеңін оқыды. Риясыз кездесу соңында аудан әкімі мазмұнды сұрақ қойған бірқатар жастарға түркі елінің көсемі атанған М.Шоқай мен дүлдүл әнші Н.Бекежановтың кітаптарын табыстап, естелік суретке түсті. Қатысушы жастар алдағы уақытта осындай жігер беретін, игі кездесулер өз жалғасын тапса екен деген тілектерін жеткізді.
Гүлхан ЯХИЯЕВА.