Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » біз таңдаған президент

біз таңдаған президент

«Балауса» және «Ботақан» тобының бүлдіршіндері қазақ халқының тұңғыш басшысы Н.Назарбаевтың өмір дерегіне құрылған арнайы слайдты тамашалап, Отанға, елге деген сүйіспеншіліктің куәсі болды. Шараны жүргізген Перизат Арыстанбекова балаларға Елбасы жайлы сұрақтар қойып, қызықты жауаптар ала білді. Халқы құрмет тұтқан, ел үшін еңбек еткен Мемлекет басшысына кішкентай ғана бала жүрегінен үлкен лебіздер шықты. Ән айтып, би биледі. «Бала тілі – бал» дегендей Нұрислам:
Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды – деп, Елбасының ерекше жан екенін жеткізді.
Шара соңында әдіскер Айнұр Бейсекеева «Бүгінгі ұрпақ – ел тұтқасын ұстар азамат. Сондықтан, балаға дұрыс тәрбие беру ата-ананың ғана емес, біздің де міндет. Балабақша табалдырығын аттаған сәттен бастап оған ұлттық тәрбие беру, қазақы салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптан хабардар ету, оның бойына отаншылдық, патриоттық сезімін ұялату үшін барынша тырысып келеміз» – дейді. Расында, «Жадыра» бөбекжайы 80 баланың бойына рухани құндылықтарды сіңіріп, түрлі іс-шараларды ұйымдастырудан жалыққан емес.

Г.ӘБДІХАНИҚЫЗЫ.
05 желтоқсан 2017 ж. 1 208 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (9138)

30 қыркүйек 2023 ж.

№76 (9137)

26 қыркүйек 2023 ж.

№75 (9136)

23 қыркүйек 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам