Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » салт-ДӘСТҮР – РУХАНИ ҚАЗЫҒЫМЫЗ

салт-ДӘСТҮР – РУХАНИ ҚАЗЫҒЫМЫЗ

Қазақтың дәстүрлі үлгі-өнегелері ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Халқымыздың салт -дәстүрінің кез келген түрінің түбінде ислами тамыр жатқанын байқаймыз. Дүниеге келген баланың азан шақырылып ат қойғанынан бастап, дүниеден өткен адамның жаназасын оқып, жер қойнына бергенге дейін, яғни, тал бесіктен жер бесікке дейінгі аралықта көптеген дәстүрлеріміздің исламнан нәр алғанын байқайсыз.
Қазақтың ең үлкен дәстүрлі тойларының бірі – шілдехана. Бұл дәстүр жаңа туылған баланың туылғанына қырық күн толғанда жасалады. Шілдехана сөзі парсы тілінен енген. Шил – «40», хана – «той» деген мағынаны білдіреді. Яғни, босанған әйелге 40 күн толған күні ел-жұрт жиналып, үлкен той жасап, нәрестені бесікке салады. Шілдехананың көне атауы «Шілде күзет» болған. Мағынасы анасы мен баласын қырық күн бойы жын-шайтандардан күзетуді білдірсе керек. Уақыт өте келе бұл дәстүр баланың дүниеге келуіне орай аталып өтілетін тойға айналды.
Сәбидің дүниеге келуі – тек бір ғана отбасының емес,бүкіл ауыл­дың, елдің қуанышы. Атам қа­зақтан: «Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар»деген сөз қалған. Сондықтан да, ата-бабаларымыз сәби дүниеге келген кезде салт-дәстүр бойынша жаңа туылған нәрестеге арнап қой сойған. Бұл дәстүр шариғатта «ақиқа»деп аталады. Ал, қазақ салт-дәстүрі бойынша «қалжа» делінеді. Атау­лары бөлек болғанымен негізгі атқаратын міндеттері бірдей. Яғни, туылған нәрестенің амандығы және де жаңа босанған әйелдің күш жинап, әлденіп алуына да пайдасы мол. Қалжаға «ақиқа» қойы ер балаға екі, не бір қой соятын болған. Ал қыз балаға бір қой сойылған. Өйткені, ер бала қыз балаға қарағанда қомағайлау болатындықтан, (анасын көбірек емеді) екі қой сойылатындығы айтылады. Сонымен қатар, бұл үрдіс жаңадан босанған әйелдің аяқ-қолын бауырына алып, ыстық сорпа ішіп, өзіне-өзі келу мақсатында жасалады. Мұндай қамқорлық ертеңгі күнгі баланың дұрыс өсіп, қалыптасуына және әйелдің денсаулығы мықты болуына тигізер әсері көп.Тағы бір мәселе – сойылатын қой семіз әрі күтімді болуы тиіс. Ата-бабаларымыз босанған әйелді 40 күн бойына жылы үйде ұстап, ерекше күтім жасаған. Исламда да әйел босанған уақыттан бастап 40 күн бойы бірқатар жеңілдіктер берілген. Яғни, белгілі бір уақытқа дейін намаз оқымайды, ораза ұстамайды.
21 қараша 2017 ж. 2 620 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930