Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАТ АҒЫММЕН КҮРЕСТІ БАЛА ТӘРБИЕСІНЕН БАСТАУЫМЫЗ КЕРЕК

ЖАТ АҒЫММЕН КҮРЕСТІ БАЛА ТӘРБИЕСІНЕН БАСТАУЫМЫЗ КЕРЕК

– Әңгімемізді бастамас бұрын өзіңіз жұмыс жасап жатқан «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-і туралы айтып берсеңіз.
– «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-і Қызылорда облысындағы діни ахуалды зерделеу, талдау және түсіндіру жұмыстарын атқарады.
Сонымен қатар аталмыш орталық ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүргізу, оқыту семинарларын, тренингтер, курстар, дәрістер, «дөңгелек үстелдер», конференциялар, акциялар және басқа да ұйымдастыру-тәжірибелік іс-шараларын, психологиялық және құқықтық кеңес беру, теріс пиғылды діни ағымдардан зардап шеккен адамдарды оңалту қызметтерін көрсетеді. Сондай-ақ, Қызылорда облысындағы діни ахуалды зерттеу, талдау және болжам жасау жұмыстарын іске асырады. Және діни әдебиеттерді, діни мақсаттағы заттарды зерделеу және талдау, қарсы насихат іс-шараларын өткізу, электрондық (соның ішінде интернет сайттарды) және баспасөз бұқаралық ақпарат құралдарына (жүйелеу және талдау) мониторинг жүргізеді. Дін мәселесі бойынша сенім телефоны жұмысын (тікелей желі) ұйымдастыру, теріс діни ағымдардың қызметінен өмірлік қиын немесе дағдарысты жағдайларға түскен, сенім телефоны бойынша хабарласқан адамдарға жедел психологиялық көмек береміз.
– Қазіргі уақытта аудандағы діни ахуал туралы айта өтсеңіз.
– Ауданымызда діни ахуал тұрақты деп толық сеніммен айта аламыз. Сыр өңірі қазақылықтың қаймағы бұзылмаған мекен ғой. Оның ішінде сырдың маржаны Шиелінің алар орны бір бөлек. Киелі мекенде қаншама дін білгірлерінің кіндік қаны тамған. Жергілікті тұрғындардың басым бөлігі сол бабалардың ұрпағы болып табылады. Сондықтан да бабаларымыздың дәстүрлі наным-сеніміне қанық өскен ұрпақтары сол сара жолдан адаспақ емес.
– Аудандағы мешіттер мен мешіт имамдары туралы да тоқталсаңыз.
– Бүгінгі таңда ауданымызда отыз бір мешіт жұмыс жасайды. Имамдардың біліктілігін арттыру мақсатында «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-і тарапынан жүйелі түрде біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылып келеді. Аудан әкімінің қолдауымен жыл басынан бері Б.Убаев, Ж.Сандыбаев, С.Құрбанұлы сынды дін білгірлерінің қатысуымен аудан имамдарына семинарлар өткізілді. Сонымен қатар, білікті кадрлар даярлау және тарту бағытында жұмыстар жасалынуда.
– Өкінішке орай жат ағымның жетегінде кеткен жандар ауданымызда да бар. Осы азаматтарымызды райынан қайтару үшін қандай шаралар жүзеге асып жатыр? Райынан қайтып жатқандары бар ма?
– Бегалы би: Адасқанның айыбы жоқ, Қайтып үйірін тапқан соң... – деген екен. Табаны тайып, бағытынан адасқандар қаншама. Қателіктің ащы дәмін татып, кейін қателігінен сабақ алып жататындар да баршылық. Отбасылық жағдайлардан бөлек, түрлі күйзеліске түсіп, өмірдің ауыр сынақтарына төзе алмаған жастарға психологиялық әрі рухани тұрғыдан қолдау білдірген дұрыс. Орталық тарапынан теріс пиғылды діни ағымдардың салдарынан өмірлік қиындық немесе дағдарысты жағдайларға түскен тұлғаларға сенім телефоны бойынша немесе жеке қабылдау арқылы жедел түрде заңдық тұрғыдан бөлек психологиялық және дінтанулық кеңес береміз. Профилактикалық жұмыстар барысында райынан қайтып жатқан азаматтар да баршылық.
– Жат ағымнан сақтану үшін қандай шараларды қолға алу керек деп ойлайсыз?
– Қой мінезді халыққа дұшпан көзбен қараған сыртқы жауының өзі қазақтың дарқандығын көріп, шариғатпен астасқан дәстүріне куә болғанда еріксіз тізе бүгеді екен. Сөзіме тарихи дәйек тұздық болсын.
«Лиза Әлиханқызы Бөкейханова: «Әкемді ұстауға сауылдап кіріп келген тергеушілерді көргенде саспас­тан: «Лиза, шай қой. Қонақтар келді. Мәдениетті кісілер дәстүр аттамайды», – деді. Олар үндей алмай қалды. Сол үнсіздікті пайдаланып: «Кешіріңіздер, телефон шалуға бола ма?» деді. Олар рұқсат берді. Көршісі, аса белгілі кеңес ғалымы трубканы алғанда: «Вася! Мен ұзақ командировкаға кетіп барамын. Лизаны саған тапсырдым. Аманат» деді де маған қарап: «Лиза! Сен анда-мұнда жүгірме. Одан ештеңе шықпайды. Бұл «барса-келместің» командировкасы» деді, сабырмен. Тергеушілер мұның бәрін үнсіз тыңдап тұрды, үндеуге бата алмады. Тергеушілерді дәрменсіз еткен қазақы салт-дәстүр болатын. Айтпағым мәселенің шешімін ұлт болашағын қалыптастыратын тал бесіктен іздеген жөн бе деймін. Ал, білікті кадрлар даярлау алдағы уақыт еншісінде.
– Әсерлі ой-пікірлеріңіз үшін Сізге көп рақмет. Қызметіңізге береке тілеймін.

Сұқбаттасқан
Ерұлан ДАТКЕН.
21 қараша 2017 ж. 1 840 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031