жоралғымыз жөнсіз болмауы тиіс
Жұмыс барысымен ауылдарды аралап жүрміз. Кенет қаумалаған көп кісіге көзіміз түсті. Содан әлгі жерге аяңдап, жиналғандардан жағдайды сұрағанымызда жасы жетпістен асқан ақсақал дүниеден озып, сол кісіні ақтық сапарға шығарып салып жатқандарын айтты. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)-нің кімде-кім жаназа намазына қатысса ұхұд тауындай сауап алады деген хадисін естіп алған біз жаназа намазына қатысуды жөн санап, бағытымызды сол үйге бұрдық. Жақынынан айырылған жандар көздеріндегі жасын сүлгілермен сүртіп тауыса алмай жатса, шеткерірек тұрған жандар өздерінше басқа әлемде жүр. Жасы елуден асып, алпысқа таяған ауыл ардагерлері жас балдарша әзділдесіп, күлкілерін жасыра алмауда. Осылай тұрғанда жаназа намазы басталатын уақыт та таяды. Ауыл халқы жүздерін құбылаға бұрып, әзірлігін бастады. Сондағы бір ағамыздың айтқан сөзі құлағымда қалып қойды. Ол, «Менің дәретім жоқ. Дәреті барлар алға шығыңдар. Жоқтарың қасыма келіңдер», – деді. Оның ол сөзі әзіл емес еді. Бұл сөз діни сауаттың төмендігінің көрсеткіші болатын. Егер де дәреті болмаған жағдайда таямум алып тұруға рұқсат берілетіндігінен хабарсыздығы еді.
Бүгінгі таңда Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының мақұлдаған діни кітаптары дүкен сөрелерінде толып тұрса да, діни салада білімі жетік дінтанушы, исламтанушы мамандарымыздың бейнетаспалары бүкіл әлеуметтік желілерді кезіп жүргенімен оларға аса мән бере бермейтініміз жасырын емес. Ысырапшылдыққа жол береміз, жаман әдеттерді жанымызға серік етеміз. Менмендікке салынып, жұрттан ұят болмасын деген ұранмен көп жерде көптің мақұлдаған діни басқарманың шешімдеріне қарсы шығатынымыз тағы бар. Мысалы, құдайы ас мәзірі. Діни мамандардың айтуынша «Той мен құдайы астардың дастарқандарында айырмашылық болуы тиіс. Садақаға жайылған дастарқаннан қайғының белгісі көрініп тұруы керек», – дейді исламтанушы ғалымдар. Соңғы жылдары халық бір-бірімен жарысып, тіпті, садақа дастарқаны үшін несие алып жатады. Осының алдын алу мақсатында ҚМДБ арнайы құдайы астың мәзірін әзірлеген болатын. Ас мәзіріне: бауырсақ, жеті нан, тары, құрма, қант, кәмпит, сары май, шай, өрік, мейіз, қаймақ, ет пен күріш кірді. Құран Кәрімде Алла Тағала: «Жеңдер, ішіңдер! Ысырап қылмаңдар! Ысырап қылушылар – шайтанның туыстары», – дейді. ҚМДБ өкілдері көтерген мәселені халық арасында қолдау табуда. Осы игі бастамалар ауданымызда да қолға алынып, мешіт имамдары дастарқан мәзірі мен мәйіт шыққан үйдегі асқа алыстан көңіл айтып келгендер ғана отыратынын, асты көршілері берсе сауаптың тіптен мол болатындығын түсіндіруде. Дегенмен, тұрғындар арасында түсіндірме жұмысы әлі де болса жүргізілсе артық болмайтын секілді. Себебі, жоғарыда айтқанымыздай намазда дәретсіз тұру, жаназа намазы басталып кеткеннен кейін теберік таратылуы сынды олқылықтар әліде болса орын алуда. Мәселен, облысымыздың батыс аудандарында аталған заңдылық сақталып, жамағатта ҚМДБ-нің көрсеткен пәтуасына бағынатынын байқап жүрміз. Ал, Шиелі, Жаңақорған аудандары бұл мәселеге атүсті қарайтыны байқалады.
Сонымен қатар, бүгінгі күні жиі айтылып жүрген мәселелердің бірі – қабір басындағы зәулім үйлер. Діни мамандардың айтқанына сүйенсек кез келген пенде жерленгеннен кейін 100 жылдың ішінде сол орын жермен-жексен болып, ол жерге адамдар қайта қоныстанатындай жағдайда болуы керек. «Қабір басына қамалдарды тұрғызғанша жетім-жесірлер мен баспанасыз жүрген кедей-кепшікке үй салып берсеңіз сауабы молырақ», – дейді имамдар.
Жоғарыда айтылған мәселелер туралы мешіт имамдары жиі айтады. Дегенмен, имамның тыңдаушысы мешіт жамағаттары ғана. Мешіт жамағаттары мұны түсінгенімен басқа ауыл, аудан тұрғындары түсіне бермесі анық. Сондықтан, осы мәселелерді күн тәртібіне қойылып, теолог мамандар мен имамдардың қатысуымен кездесулер ұйымдастырылса деген ұсынысымызды білдіргіміз келеді.