Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » еңбегі көптің өнбегі көп

еңбегі көптің өнбегі көп

Қолы қалт етсе гүл егумен, түрлі ағаш көшеттерін отырғызу, оларды суарып, бабын жасаумен айналысатын Әлияр Сейітов өз мамандығын жетік игерген. Аудандағы аяқ су саласында 35 жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан еңбексүйгіш азаматтың есімі ауданымызға жақсы таныс. Өмірінің тең жартысынан көбін осы салаға арнап, қызмет жасап келе жатқан маман: «Жетістікке қол жеткізу үшін өз ісіңнен ләззат алып, бар күш-қайратыңды мақсатыңа жетуге жұмсай білсең, осы жетістік. Мен үшін сор басып тұрған жер мен қурап тұрған бау-бақшадан асқан қайғы жоқ. Сор басқан жерді гүлдендірмей, бау-бақша ісін қолға алмай, менің жаным тыныштық таппайды», – дейді.Иә, оны ағамыздың сөзінен ғана емес, ісінен де көріп жүрміз. Ауданымыздың айнасы саналатын төл басылым, яғни, «Өскен өңір» газетінің редакциясы ғимаратының алдында жаз бойы жайқалып тұрған гүлдердің авторы осы кісі еді. Сондай-ақ, №21 бекеттің кіре берісіндегі көз тартатын гүлдер алаңы мен жеміс ағаштарынан жасарып тұрған бақ та осы Әлекеңнің маңдай терінің арқасы. Айта кеткеніміз жөн болар, биылғы «Білім күні» мерекесінде аталмыш гүлдер бірнеше ауыл оқушыларының жүзіне күлкі сыйлады. Оны ағамыздың өзі табыстап, игі тілектерін білдірген болатын.
Бүгінгі күні 9 ауылдық округті тіршілік көзі саналатын аяқ сумен қамтамасыз етіп отырған Р-7 каналына басшылық етіп отырған Әлекеңнің арғы атасы мен өзінің әкесі де осы салада қызмет еткен. Яғни, білмегенін үйреткен ұстазы, ақылшысы – өзінің әкесі. Әкелік тәрбиемен қатар өмірінде ұстазы болған Мұхамедияр туралы айтсақ, бір тақырып.
Жуырда еңбекқор азамат ұзақ жылдар бойы іскерлігі мен шебер ұйымдастыра білетін қабілетінің арқасында көзге түсіп, су ресурстары төңірегіндегі тың бастамалардың көшбасынан табыла білгені үшін «Қазақстан су шаруашылығы» ЗТБ-ның бұйрығымен «Су шаруашылығының ардагері» төсбелгісімен марапатталды. Жеміс ағашының өнім бергені іспетті болған Әлияр ағамыздың еңбегі еш кетпей жемісін бере бастаған сияқты. Майталман мұрапты марапатымен құттықтап, жетістіктің биік шыңынан көріне беріңіз демекпіз.
Ерұлан ДАТКЕНОВ.
15 қараша 2017 ж. 3 060 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930