БОЛГАРИЯДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ЗЕРДЕЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ
Қазақстан Республикасы мен Болгария Республиксының сыртқы саяси ведомстволары Болгария астанасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты қамти отырып, барлық қарым-қатынастарды жандандыруға бағытталған саяси консультациялар жүргізді.
Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, болгар жағын – Сыртқы істер министрінің орынбасары Юрий Штерк басқарды.
Тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегін егжей-тегжейлі талқылады, күн тәртібінің өзекті өңірлік және ғаламдық мәселелері бойынша пікір алмасты.
2017 жылғы 5 маусымда 25 жылдығы атап өтілген дипломатиялық қарым-қатынастарды орнатқан кезден бері дәйекті дамып келе жатқан халықаралық ұйымдар шеңберіндегі қос мемлекеттің табысты өзара іс-қимылы туралы сөз қозғалды. Болгар тарапы Қазақстанды Орталық Азиядағы тұтқалы серіктестік ретінде қарастырады және елімізбен 2018 жылғы бірінші жарты жылдықта Еуропалық Одақта өз төрағалығы барысында ынтымақтастықты ары қарай нығайтуға арналған бағытты қолдайды. Келіссөздер барысында атап көрсетілгендей, Болгарияда сондай-ақ Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік нығайтуға, соның ішінде сириялық жанжалды астаналық үдеріс арқылы реттеуге қосқан үлесін жоғары бағалайды.
Ағымдағы жылғы тауар айналымының елеулі өскенін атап өте отырып, қос ел дипломаттары энергетика, инвестициялар, ауыл шаруашылығы, сауда және туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ екі елдің транзиттік-көлікті әлеуетін тиімді пайдалану маңыздылығын атап көрсетті. Қос елдің іскер айналасының өкілдерін белсенді түрде тарта отырып, аталған салаларда өзара іс-қимылды өрістету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Нақты іскерлік жобаларды іске қосу және жүзеге асыру мәселелері қазақстандық делегацияның Софияда 2015 жылдан бері жұмыс істейтін қазақ-болгар сауда палатасының басшылығымен әңгімеде кеңінен талқыланған. Сонымен қатар, Роман Василенко Софияға іссапары барысында Болгария Ұлттық жиналыс төрағасының орынбасары Валери Жабляновпен және елдегі заңнамалық органның басқа депутаттарымен кездесу өткізді.
Болгариялық парламентарийлер Қазақстанның жаһандық үдерістердегі, әсіресе Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты емес мүшесі ретіндегі рөлін атап өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» Манифесінде және үстіміздегі жылы айтылған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне саяси жолдауында көрсетілген халықаралық бастамалар еліміздің халықаралық аренадағы беделін арттырып отыр. Бұдан басқа, болгарлық депутаттар үшін «Қазақстан-2050» Стратегиясының ережелері және Президенттің «Рухани жаңғыру» мақаласы салмақты талдау тақырыбы болып табылады. Олар Қазақстанның дүние жүзіндегі ең дамыған елдер қатарына кірудің келелі мақсатына жетуі үшін нақты іс-қимыл бағдарламалары болып қабылданады.
Қазақстандағы қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы қазақ тілінің латын графикасына жоспарлы көшуі мәселесі қазақстандық дипломаттың София университетінің студенттері үшін басты дәріс тақырыбы атанды. 2015 жылдан бастап осынау оқу орнында Қазақстан дипломатиялық миссиясының ықпалымен Болгарияда қазақ тілін зерделеу орталығы қызмет істейді, онда шамамен 20 студент оқып-үйренеді. Болгар жастары Қазақстанның тарихына және мәдениетіне жіті қызығушылық танытады, сондай-ақ біздің елдің халықаралық аренадағы белсенді қызметін мұқият қадағалайды.
Еркін ҚАЛДАН