Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ДІННІҢ ТҰТАСТЫҒЫ – ЕЛДІҢ ТҰТАСТЫҒЫ

ДІННІҢ ТҰТАСТЫҒЫ – ЕЛДІҢ ТҰТАСТЫҒЫ

Ауданымызда діни ахуал тұрақты болғанымен, ол жат ағымға ергендер есігімізді қақпайды деген сөз емес. Сондықтан, біз олардың жолын кесіп, буыны қатайып келе жатқан жастарымызды жаман жолдан сақтауымыз керек. Ол үшін ең алдымен діни білімімізді жетілдіріп, ақ пен қараны ажырата білуге тиіспіз.Жат ағымнан сақтану, жастардың бойында деструктивті ағымдарға қарсы иммунитетті арттыру мақсатында елімізге белгілі теолог, дінтанушы мамандар ауданымызға шақыртылып, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл уақытқа дейін танымал Қабыл­бек Әліпбайұлы, Әбдіғаппар Сманов, Ардақ Назаров, Жалғас Сандыбаев, Батырбек Убаевтар аудан тұрғындарымен бірнеше мәрте кездесулер өткізіп, көкейде жүрген сұрақтарға жауап берген еді. Міне, жуырда Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы ауданымызда болды.
Теолог маман аудандық «Оқшы ата» мешітінде имамдармен оқыту семинарын өткізді. Бесін намазы уақытында мешіт жамағатына уағыз-насихатын айтып, сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, аудандық Бұдабай Қабылұлы атындағы мәдениет үйінде «Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы» тақырыбында тұрғындармен жүздесті. Жат ағымнан сақтану жолы, олардың сипаты мен ұстанымдары жайына тоқталды. Асыл дініміздің қасиеттерін түсіндірді. Келесі кезекте теріскей беттегі «Шәйзінда» мешітінде болды. Мұнда да жамағатпен жүздесті. Дәстүрлі дініміздің ұлттық құндылықтары жайында мазмұнды дәрістер өткізіп, пікірлесіп, сұрақтарға жауап берді. Мұнан соң «Оқшы ата» мешітінде әйелдер жамағатымен кездесіп, әйел затының міндеті, қоғамдағы және отбасындағы орны жайлы уағыз-насихат жүргізді.

Ерұлан ДАТКЕНОВ.
13 қараша 2017 ж. 1 775 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930