Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Халал адал ма?

Халал адал ма?

Еліміздегі жалпы тауарлар мен қызмет түрлеріне «Халал» сертификатын алу, оны тамақтану саласында ғана емес, басқа да бағыттарда дамыту, халыққа түсіндіру, сертификат берудің олқы тұстарын түзету, сондай-ақ, «Халал» сертификатын иеленудің пайдалы жақтарын насихаттау сияқты сұрақтар толғандырады. Себебі, аталған стандартқа қоғамның сұранысы айқын байқалып, күн өткен сайын жеңіл өнеркәсіп, қызмет көрсету, сақтандыру, пайызсыз қаржыландыру сынды өмірдің барлық қырларын қамти түсуде.Осы орайда кейбір кезде жағымсыз жайттар қылаң беріп, нарық ұсынып отырған тауарлардың қайсысы расында қасиетті қағидалар мен ережелерге, шариғат заңдылықтарына сай, өнімдердің құрамы қаншалықты талапқа сай, астың адалдығы, ортақ таңбалау, белгілеу жайы, тексеріс жиілігі қандай, тұтынушы құқығы толық ескеріле ме деген сауалдар туындауда.
Сұраныс бар жерде ұсыныс бар. Халал су, монша, көлік жүргізу бекеті, такси тәрізді атаулар пайда болып, бұл жерде де қарапайым тұрғындарды бірінші кезекте сапа, қауіпсіздік түйткілдері алаңдатуда. Тіпті, асыра сілтеушілік деректері де жолығуда. «Халал» ұғымын лайықсыз қолданып, жөнсіз тықпалап жүрген көптеген жайлар кездесіп келеді. «Заманың түлкі болса, тазы болып шал» дегендей, осыдан бірнеше жыл бұрын ғаламторды шулатқан «халал арақ» жағаны ұстатқаны анық. Осындай жөнсіздіктер қалай орын алды? Сертификат беруде қандай талаптар бар? Ал, сертификат алғандарының сапасы қадағалауда ма? Ресми дерек көздерінен алынған мәліметтерге сүйенсек, шұжық өнімдерінің 67,5 пайызы, жартылай фабрикаттардың 20,0 %, ет консервілерінің 7,5 % сынамасында «Халал» стандартына сәйкессіздік анықталған. Міне, осы жағдайлар қатал заңның қабылдануын қажет етіп тұрғандай. Осы кезде ғана үй үшінен үй тіккендер өздері шығып кетері айқын. Аталған олқылықтарды қадағалап отырған арнайы қауымдастық пен ҚМДБ жанынан бөлім жұмыс жасауда. Діни басқарманың мамандары «Халал» сертификатының оңды-солды үлестірілуіне жол бермей, санға емес сапаға жұмыс жасауға барын салып келеді. Аталмыш ұйым мамандары «олқылық жібергендерді құқықтық негізде жазалай алмасақ та, кәсіп иелеріне Алланың алдында, адал асты іздеп жүріп алатындарға қатысты да жауапкершілік жүгі ауыр екенін жан-жақты насихат етеміз», — дейді БАҚ өкілдеріне берген ақпарларында. Тірлігіміз де, табысымыз да адал болғай, лайым.

Бақытжан МӘДЕНОВ.
14 қараша 2017 ж. 1 564 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031