Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 МАУСЫМ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

1 МАУСЫМ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

Жаз маусымының алғашқы күні, яғни 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні. Балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты мереке ауданымыздың М.Шоқай орталық алаңында өтті. Аудан әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Нұрлы болашақ» атты концерттік бағдарламада бүлдіршіндер өлең – тақпақтар айтып, өз өнерлерінін ортаға салды. Мерекенің шырайын келтірген сайқымазақтар мен ертегі кейіпкерлері балаларға қызықты ойындар ойнатты.
Аудан әкімі Әшім Оразбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, балаларға ізгі тілегін білдірді. Жалпы алғанда бөбектерге қамқорлық көрсету, олардың құқықтарын қорғау тек белгіленген бір күн емес, әрқашан да үлкендердің назарында болуы тиіс екендігіне тоқталып өтті.
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған шара барысында аттракциондардың балаларға тегін қызмет көрсетіп, балаларға тегін 1000 дана балмұздақ пен тәтті шырын үлестірілді.
Сонымен қатар, асфальтта «Әрқашан күн сөнбесін» тақырыбында балалар сурет байқауы өткізіліп, жеңімпаз суретші бүлдіршіндерге бағалы сыйлықтар табысталды.
01 маусым 2018 ж. 6 222 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9234)

03 қыркүйек 2024 ж.

№69 (9233)

30 тамыз 2024 ж.

№68 (9232)

27 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30