"КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК": ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Шараның мақсаты: музыкалық және шығармашылық дарыны бар балаларды анықтау, оларға қолдау көрсету, дарынды балалардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға және болашақта бала қабілетін дамытуға көмектесу.
Ән байқауына 7-15 жас аралығындағы ерекше қолдауды қажет ететін мектеп оқушылары қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының ұйғарымының негізінде Бас жүлде,1, 2, 3 орындар беріліп, барлық қатысушыларға “ AMANAT” партиясының алғыс хаты мен сыйлықтары табысталды.
“ПМПК” БПҰ төрайымы Тымбаулиева Гүлнара Ибрашқызы шараға ұйымдастырушылық танытып, қосқан үлесі үшін “Шиелі ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті” мекемесінің басшысы Зейнабилова Сара Бердиярқызы, мекеме мамандары Дулатова Гүлнұр Молдабайқызы, Шағдатова Анар Шағдатқызы, “Арман” мәдениет үйінің басшысы Шалекеева Нұргүл Тәңірбергенқызын партияның арнайы алғыс хатымен марапаттады.