Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ - АДАМ

«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ - АДАМ

«AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова ауылдық округ әкімдерімен және дербес бөлім басшыларымен кездесіп, партиялық жобалар және бағдарламалар төңірегінде хабарлама жасады.





Кездесуде Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Болат Ысмағұлов қатысушыларға «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының Атқарушы хатшысы болып тағайындалған Баймұратова Жібек Орынбайқызын таныстырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Атқарушы хатшы Жібек Баймұратова партияның атқарылған жұмыстарын кеңінен жеткізіп және алда тұрған межелі міндеттері жөнінде баяндады. Партия жұмысын жаңғыртудың нақты жоспарындағы басым бағыттары сапалы әрі уақытылы жүзеге асырылып жатқанын айтып өтті.

Сонымен қатар, партиялық жобаларға ерекше тоқталып, мақсат-міндеттерін айқындап көрсеттіі. Партияның аудандық филиалының жанында Партиялық бақылау комиссияы Жол картасы шеңберінде рейдтік, мониторинг жұмыстарын ұдайы жүргізіп отырса, партияның қоғамдық қабылдау бөлмесіне түрлі мәселелер бойынша жүгінген тұрғындар оң нәтижеге қол жеткізуде - деді.

Қатысушылар партияның бастамаларын қолдап, қоғамдық жұмыста белсенділік танытып, ел дамуы жолында жұмыс жасайтындығын жеткізді.



02 тамыз 2024 ж. 820 0

Қоғам

ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
10 қыркүйек 2026 ж. 48

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930