Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ПАРТИЯ АКТИВІ ӨТТІ

ПАРТИЯ АКТИВІ ӨТТІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Мақұлбеков Нариман Әскербекұлының төрағалығымен аудандық партия активі отырысы өтті.
Актив отырысына аудандық Саяси кеңес мүшелері, аудандық мәслихаттағы партия фракциясы мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен партиялық топ жетекшілері, «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты.
Отырыс барысында Мемлекет президенті, «AMANAT» партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев партияның кезектен тыс ХХІІ съезінде маңызды бірқатар міндеттерді негізге ала отырып, жергілікті жерлерде партия органдарының жұмысын күшейту мен партия қызметін жаңғырту бойынша жұмыстардың негізгі бағыттары айқындалды.
Аудандық партия активінің отысында алдымен партияның жұмысын жаңғыртудың негізгі бағыттары туралы аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Сыздық Болат Мүбаракұлы хабарлама жасады.
Келесі Партияның бүгінгі күнге дейінгі жетістіктері және жаңғыру жұмыстарын партия ардагерлердің қолдауы туралы аудандық мәслихаттағы партияның фракция жетекшісі Маханбет Патима Шаймерденқызы және Партиялық қызметтегі жауапкершілік және партиялық бақылау жұмыстары туралы аудандық партия филиалының Партиялық бақылау комиссиясы төрағасы Мырзабеков Насырбек Аябекұлы хабарламалары тыңдалды.
Сонымен қатар Партиялық жаңғырудағы жастар мен жас депутаттар корпусының алдында тұрған міндеттер туралы аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Әбдешов Ержан Біржанұлы хабарлама жасады.
Аудандық партия активінің отысында хабарламашылар толық тыңдалып, партия филиалының төрағасы,аудан әкімі Мақұлбеков Нариман Әскербекұлы партияластарымыздың хабарламаларын негізге ала отырып, партияластарға бірқатар тапсырмалар берді.
Сондай-ақ партияластарды Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жаңа Қазақстанды құру бойынша реформаларында айқындалған еліміздің табысты дамуына бағытталған міндеттер мен партияны жаңғырту жұмыстарын онан әрі де бірлесе де белсенді атқаруға шақырды.

Nur Otan Shieli Audany ФБ парақшасынан

05 наурыз 2022 ж. 707 0