Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпірге мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Мониторинг жұмыстарын «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Болат Сыздық, аудандық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының Төрағасы Насырбек Мырзабеков, комиссия мүшелері Ғани Есімов, Дихан Әубәкіров, Сәпиқызы Ақзейне, Азамат Қали жүргізді.
Аталған көпірдің құрылысы 1969 жылы аяқталып Шиелі халқының игілігі үшін пайдалануға берілген. Шиелі кентінің орталығы мен теріскей бетін байланыстырып тұрған жаяу жүргіншілер көпірінен күніне шамамен 150-300 адам қатынайды. Ұзындығы 152,75 метрді құрайды.
55 жыл бұрын салынған көпір, бүгінде тозығы жетіп, қайта қалпына келтіруді қажет етіп тұр. Өткелдің жақтауының кейбір жерлері майысқан, сырлары кеткен. Астыңғы және үстіңгі бетондары әбден үгітіліп ішіндегі темірлері көрініп тұр. Жалпы жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпірге өтпелі кезеңмен жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.
Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы АҚ-ның Қызылорда магистралдық желі бөлімшесіне және жергілікті өкілдеріне аталған көпірге жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша ұсыныстар берілді.
18 сәуір 2024 ж. 134 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930