Шиеліде депутаттар құрылыс нысандарын аралады
Таяуда аудандық мәслихат хатшысының төрағасы Айтбай Жандарбеков аудандық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелерімен бірге Көкшоқы мөлтек ауданындағы ашық алаңда (стадион) күрделі жөндеуден өтіп жатқан құрылыс жұмыстарын аралап қайтты.
Оған қоғамдық кеңестің төрағасы Қаблеш Бекшеев, Насырбек Мырзабеков, партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Ғани Есімов, «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Болат Сыздық, Нұргүл Шалекеева, Болат Сүлейменов, аудандық мәслихат депутаты Қанат Жүсіпов, аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Аруна Әзімхан қатысты.
Аралау барысында Насырбек Мырзабеков ашық алаңының күрделі жөндеу жұмыстарының баяу жүріп жатқанын тілге тиек етіп, басталған құрылыстың сапалы болуын айтып, жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына бірқатар ескертпелер жасады.
Айта кетейік, Көкшоқы мөлтек ауданындағы ашық алаңының күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 224 630 000, аудандық бюджеттен 11 940 000 теңге қаржы қаралған. Бас мердігер компания «Корпорация – Алем құрылыс» ЖШС. Бас жобалаушы «Қызылорда Дос Строй Проект» ЖШС, Авторлық қадағалау «Темирлан Проект» ЖШС, Техникалық қадағалаушы «Қабылан эксперт» ЖШС.
Күрделі жөндеуден өтіп жатқан нысан үстіміздегі жылдың маусым айында ел игілігіне пайдалануға беріледі деп көзделген.
Одан кейін депутаттар Көкшоқы мөлтек ауданында жаңадан салынып жатқан 18 пәтерлік 4 тұрғын үйдің құрылыс нысанына бет алды.
Депутаттар жаңадан салынған көпқабатты тұрғын үйді толық аралап, ендігі қалған жұмыстарына бақылау жұмыстарын жүргізіп, тұрғын үйді нақты қай уақытта пайдалануға берілетінін сұрады.
Аралау соңында аудандық мәслихат хатшысы Айтбай Жандарбеков құрылыс сапасына жіті мән беріліп, бөлінген қаражаттың тиімді игерілуін және жұмысшылардың қауіпсіздік ережелерінің қатаң сақталуын, жалақының уақытылы берілуі қажет екенін айтты.

«Шиелі кентіндегі 18 пәтерлік 4 тұрғын үйге 2020 жылдың мамыр айында құрылыс-монтаж жұмыстары басталғаны белгілі. Бас мердігері компания «Жабдықтау» ЖШС-і. Келісім-шарт сомасы – 709 737 410,59 теңге. Авторлық қадағалаушы «Сартөбе» ЖШС. Техникалық қадағалаушы «Крез-Сервис» ЖШС-і. Жоба бойынша әр тұрғын үйде 12 пәтер 2 бөлмелі, 6 пәтер 3 бөлмелі. Қарқын алған бұл құрылыстың баяулап, бәсеңдеп қалғаны құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жобаға қайта түзету жұмыстары енгізіліп, жергілікті бюджеттен қосымша 113 миллион теңге көлемінде қаржы қаралып, қайтадан құрылыс жұмыстары жүргізілген. Көпті күттірген көпқабатты тұрғын үй тамыз айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда», – деді аудандық құрлыс-сәулет бөлімінің басшысы Дана Аман.