Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандық партиялық бақылау комиссиясының мүшелері құрылыс алаңдарында

Аудандық партиялық бақылау комиссиясының мүшелері құрылыс алаңдарында



Бүгінгі күні Шиелі ауданында әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Атап айтар болсақ Шиелі кенті, Еңбекші ауылы және Тартоғай ауылдарындағы 150 орындық аурухана, №45 «Ақ-Орда» мектеп – гимназиясының қосымша жаңа корпусы, 90 орындық балабақшалар, 150 орындық ауыл клубтары және спорт кешендерінің жұмыстары өз ретімен жүзеге асуда. Дегенмен жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысында әртүрлі кемшіліктердің орын алуы мүмкін, бұл дегеніміз құрылыс сапасына кері әсерін тигізері сөзсіз. Осы тұрғыда, «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы өткен айда, жоғарыда аталған құрылыс нысандарының жұмыстары мен танысып, бірқатар кемшіліктерді анықтап тиісті мердігер компанияларға олқылықтарды жою бойынша ескерту жасаған болатын.
Осыған орай, аталған бақылау комиссиясы мен аудандық қоғамдық кеңес мүшелері бүгін аудан орталығындағы №45 «Ақ-Орда» мектеп – гимназиясының қосымша жаңа корпусы мен Еңбекші ауылындағы спорт кешені, 150 орындық ауылдық клубында болды. Өткен сапарда анықталған кемшіліктерге қатысты түзету жұмыстары жүргізілгенімен, құрылыс барысында басқада орын алып отырған аздаған кемшіліктер анықталды. Бақылау комиссиясының мүшелері құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме өкілдеріне сын-ескертпелерін білдіріп, жақын уақытта аталған кемшіліктерді түзету және құрылыс нысандарын белгіленген мерзімде аяқтау туралы нақты тапсырмаларын берді. «Бұл нысандар халық үшін өте қажетті, жергілікті халық құрылыстың аяқталуын асыға күтуде. Сондықтан құрылыстардың сапалы әрі өз уақытында аяқталғандығын қадағалауымыз керек, комиссия мүшелері аталған құрылыстың жүзеге асуын үнемі бақылауда ұстайды – деді» филиал төрағасының бірінші орынбасары П. Маханбет. Сонымен қатар аудан орталығындағы №45 «Ақ-Орда» мектеп – гимназиясының қосымша жаңа корпусы мен ескі ғимараты аясында атқарылу керек мәселелер бойынша ұсыныстарды тиісті органдар мен аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Ә. Оразбекұлына жеткізетіндігін атап өтті.
17 мамыр 2018 ж. 2 328 0