Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Нысанада әлеуметтік нысандар

Нысанада әлеуметтік нысандар

Мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламаларды, сондай-ақ, «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде бөлінген қаражатты тиімді игеруге қоғамдық және жедел мониторинг жүргізу мақсатында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы сәрсенбінің сәтінде жолға шықты. Мақсат – құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік нысан жұмыстарымен танысып, барысын бақылау еді. Өйткені, аталған бақылау комиссиясы құрылысы жүргізіліп жатқан нысандардың сапалы салынуына мүдделі еді. Себебі, мемлекеттен бөлінген қаржының әрбір тиынын тиімді жұмсау – Елбасы Н.Назарбаев қойып отырған талап.
«Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары П.Маханбет бастаған комиссия құрамында техникалық бақылаушы қадағалаушы ретінде О.Ибраев, аудандық мәслихат депутаттары Н.Көпенов, А.Әбдіқадырова, аудандық мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің басшысы А.Төлегенов, партияның аудандық филиалы кеңесшісі О.Назымханов және БАҚ өкілдері болды.
Комиссияның жұмыс сапары алдымен Тартоғайдағы 150 орындық клубтың құрылыс алаңынан бастау алды. Жобалық құны 218 382 мың теңгені құраған нысанның фундаментінен электр сымдарының тартылуына дейін тексерілді. Ал, аталған ауылдағы 90 орындық балабақша құрылысы қай-қайсымызды болса да сүйсіндірді. Соңғы үлгімен соғылып, құрылыс жұмыстары бітуге таяу қалған бақшаның сырт көрінісі де көз тартады.
Мұнан әрі Еңбекшідегі 90 орындық бала- бақша, 150 орындық ауылдық клуб, спорт кешенінің құрылыстары жіті тексерілді. Сондай-ақ, кенттегі №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының қосымша жаңа корпусын да назардан тыс қалдырмады. Құрылыс нысандарымен жұмыстың басы-қасында жүрген бас мердігерлердің өкілдері кеңінен таныс­тырды. Өз кезегінде партиялық бақылау комиссиясының мүшелері бірқатар ескертпелер жасап, жуық арада аталған кемшіліктерді жою міндетін қойды. Сонымен қатар, аталмыш нысандардың құрылысы партия бақылауында үнемі болатындығын атап өтті.
Арнайы тексерілген нысандардың ішінде №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының қосымша жаңа корпусының ескі жылу қазандығына қосылуы кімді де болса толғандырды. Бұл жылу қазандығының өткен жылдарда алдыңғы корпустарды жылытуға дәрмені жетпей, оқушылардың сынып ішінде сырт киіммен сенделгенін ескерсек, биылғы жылдың қалай өтерін елестетудің өзі қиын. Әйтсе де, бұл мәселенің күн тәртібіндегі алғашқы мәселелер тізімінде екендігін естіп, «оң шешім» тауып қалар деген сеніміміз күмәнді ойдың шетін сетінетті.

Дина ЖҮСІПОВА.
07 сәуір 2018 ж. 1 066 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930