Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Партиялық бақылау комиссиясы құрылыс нысандарында болды

Партиялық бақылау комиссиясы құрылыс нысандарында болды


Мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламаларды,
сондай-ақ «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде бөлінген қаражатты тиімді игеруге қоғамдық және жедел мониторингтеу жүргізу мақсатында «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы 2018 жылдың 4 сәуірінде Шиелі ауданы, бойынша құрылысы жүріп жатқан нысандардың жұмыстарымен танысты. Партиялық бақылау комиссиясы құрылысы жүргізіліп жатқан нысандардың сапалы салынуына мүдделі. Себебі, мемлекеттен бөлінген қаржының әрбір тиынын тиімді жұмсау - Елбасы қойып отырған талап. Осы мақсаттың үдесінен шығу үшін аталған комиссия Шиелі ауданындағы, Еңбекші ауылындағы 150 орындық ауылдық клубы, 90 орындық балабақша, спорт кешені, Тартоғай ауылындағы 90 орындық балабақша, 150 орындық ауылдық клубы, Шиелі кентіндегі №45 «Ақ-Орда» мектеп-гимназиясының қосымша жаңа корпусының құрылыстарына барып қайтты. Құрамында ардагерлер мен аудандық мәслихаттың депутаттары және БАҚ- өкілдері бар комиссияның алғашқы аялдаған нысаны Тартоғай ауылындағы 150 орындық ауылдық клубының құрылысы. Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері бұдан өзге жоғарыда аталған тағы 5 нысанды аралап шықты. Танысу барысында құрылыс жұмыстарымен айналысып жатқан бас мердігерлердің өкілдері жұмыстың барысымен кеңінен таныстырып берді. Өз кезегінде партиялық бақылау комиссиясының мүшелері бірқатар ескертпелер жасап, жуық арада аталған кемшіліктерді жою міндетін қойды, сондай-ақ аталмыш нысандардың құрылысы партия бақылауында үнемі болатындығын атап өтті. Жалпы құрылыстарда жағдай тұрақты.

Олжас Назымхановтың ФБ парақшасынан.
05 сәуір 2018 ж. 1 483 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930