Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбекші ауылдық округі әкімі Б.Омаровтың 2017 жылы атқарылған жұмыстары жөніндегі есебі

Еңбекші ауылдық округі әкімі Б.Омаровтың 2017 жылы атқарылған жұмыстары жөніндегі есебі


Еңбекші ауылдық округі екі елді мекеннен тұрады. Еңбекші ауылы, Қосүйеңкі елді меке­ні. Округ бойынша отбасы саны–302, халық саны–2480. Жұмысқа жарамды халық саны–1220, жұмыспен қамтылғаны–1174, оның ішінде: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар–288, жұмыссыздар саны–46, жалдамалы жұмысшылар-886, эконо­микалық белсенді емес халық-1251.
Ауылда үкіметтік емес ұйымдар «Баба-Ата» мешіті, «Ардагерлер Кеңесі», «Әйелдер Кеңесі» елдің ауызбірлігін сақтауда, жастарды имандылыққа тәрбиелеуде біршама жұмыстар атқаруда.
Ауылдық округ бойынша 2017 жылдың 12 ай­ында жер салығы 144 991 теңге, мүлік салығы 44 117 теңге, көлік салығы 1 222 641 теңге ақша жиналып, жоспарланған салық жүз пайызға орындалды.
БІЛІМ БЕРУ
Ауылдық округте №159 «Еңбекші» қазақ орта мектебінде 299 оқушы бар. 24 оқу кабине­тінде оқушылар бір ауысымда оқиды. Мектепте мұғалім саны – 51. №84 «Қосүйеңкі» негізгі мектебінде оқушы саны – 49. Мектепте білім беруші 18.
«Әділжан» балабақшасы 2009 жылы 1 қыр­күйекте ашылды. Балабақша 1 қабатты ғимаратта орналасқан. Жылу орталықтандырылған. Қазіргі таңда 3 топта 75 бала тәрбиеленуде.
«Балапан» бағдарламасы аясында 2012 жылдың қазан айында «Сымбат» жеке бала-бақша яслиі ашылып, 35 бала тәрбиеленуде.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
2017 жылдың 23 қаңтарында жаңадан Еңбекші дәрігерлік амбулаториясы ашылды. Еңбекші ДА-да 1 дәрігер, 1-аға аяжан, 1-акушер, 6-аяжан, Қосүйеңкі ФП-де 1 фельдшер тұрғындарға дәрігерлік қызмет көрсетеді. Барлық аяжандарға көше тұрғындары бөлініп әрі бекітіліп берілген. 1 жедел жәрдем автокөлігі халыққа қызмет етеді.
МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ
«Еңбекші» ауылдық мәдениет үйі мен кітап­хана өздерінің бекітілген жылдық жұмыс жос­парына сәйкес жұмыстар атқаруда. Ауылдық мәдениет үйінде 4 қызметкер жұмыс істейді. Ауылдық кітапхананың кітап қоры 18248 дана, оқырмандар саны – 617. Келушілер саны–3158.
ЕГІН ЖӘНЕ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Егін шаруашылығы бойынша: барлық егіс кө­лемі 1004 га. Оның ішінде: дәнді дақылдар 460 га.
Еңбекші ауылы тұрғындарының негізгі кәсібі мал шаруашылығы.
1-қаңтар 2018 жылға мал басы төмендегіше: мүйізді ірі қара малы-3001 бас, уақ мал-15390 бас, жылқы-658 бас, түйе-382 бас, құс-390 бас.
2017 жылы 8 жеке кәсіпкер, 3 шаруа қо­жалық, 2 ауыл шаруашылығы өндірістік ко­опе­ративі жаңадан ашылып, 38 адам жұмыспен қамтылды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қайтарымсыз инно­ва­ция­лық грант беру бойынша «Өңірлік үйлестіру кеңесінің» қарауына 2 жоба ұсынылып, нәтижесінде 1 жоба 300 мың теңге көлемінде грант ұтып алды. Бүгінгі күнге 9 адам несие алуға тіркеліп, 5 адам АШҚҚҚ қаржыландыруға ұсынылды. 2 адам 4 млн. 700 мың теңге кө­лемінде, РИТС-н 1 адам 6 млн. теңге, 1 адам 10 млн. теңге, 1 адам 9 млн. теңге, 1 адам 1 млн. 600 мың теңге, 1 адам 1 млн. 500 мың теңге кө­лемінде несие алды. Қазіргі күні мал басын көбейтумен айналысуда.
Қазіргі таңда: 6 шаруа қожалық «Сыбаға» бағдарламасы бойынша МІҚ малын, 2 шаруа қожалық «Алтын асық» бағдарламасы бойынша уақ малды және 1 шаруа қожалық «Құлан» бағдарламасы бойынша жылқы басын көбейтуге жұмыс жасауда. Оның ішінде 2017 жылы 1 шаруа қожалық «Сыбаға» бағдарламасы аясында 6,0 млн. теңге, 1 шаруа қожалық «Алтын асық» бағдарламасы аясында 10,0 млн. теңге несие алынды. 2017 жылы барлық алынған несиелер мен грант көлемі: 49 млн. 100 мың теңге.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» І бағыты бойынша 7 адам қысқа мерзімді оқыту курсынан өтті.
ІІ бағыты аясында «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 6 адам, «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша 4 адам оқып сертификат алды.
ІІІ бағыт бойынша 2 әлеуметтік жұмыс орны ашылса, жастар тәжірибесінен 7 адам өтті, ақылы қоғамдық жұмысқа 11 адам тартылды.
Жаңадан бір дүкен құрылысы бітіп, құжат­тары рәсімделуде. Жыл соңына дейін жұмысын бастайды.
Сонымен бірге елді мекенде 3 әлеуметтік нысан құрылысы басталды. Атап айтқанда: 90 орындық балабақша, 150 орындық Мәдениет үйі, 120 орындық спорт кешені. Биылғы жылға бөлінген қаржы толықтай игеріліп, тиісті құрылыс жұмыстары жүргізілді.
2018 жылы іске асырылатын мәселелер:
І. Әлеуметтік және инженерлік инфра­құ­ры­лымды дамыту мақсатында:
1. 2017 жылы басталған 90 орындық ба­лабақшаның құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беру.
2. 2017 жылы басталған 150 орындық Мә­де­ниет үйінің құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беру.
3. 2017 жылы басталған 120 орындық спорт ке­шенінің құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беру.
4. Елді мекендегі күрделі жөндеу үшін ЖСҚ әзірленген М.Маметова көшесін күрделі жөндеуден өткізу үшін қаржы бөлінуіне жұмыс­тар жасау.
ІІ. Коммерциялық қызмет көрсету орта­лық­тарын дамыту
1. Елді мекен тұрғындарының Үкіметтік бағ­дарламалар аясында несие алып, мал шаруа­шы­лығын дамыту жұмыстарын жалғастыру.
2. Тағы бір қолға алып, жұмыс жасайтын нәрсе нан өнімдерін шығаратын цех ашу. 1 азамат осы бағытта жұмыстар жасауда.
3. Жеке кәсіпкерлерді тарта отырып, елді мекеннен монша салу.
07 қаңтар 2018 ж. 1 784 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031