Ортақшыл ауылдық округінің әкімі Ж.Ноғайбаевтың 2017 жылы атқарылған жұмыстары жөніндегі есебі
2017 жылдың қорытындысымен Ортақшыл ауылдық округіне қарасты Ортақшыл, Қызылқайың елді мекеніндегі 270 отбасында 1471 адам тұрады.
Білім: Ортақшыл елді мекенінде №150 орта мектепте 2017-2018 оқу жылында 256 оқушы, Қызылқайың елді мекеніндегі №151 мектепте 47 оқушы тартылған. №150 қазақ орта мектептің 11 сыныбын 5 оқушы бітіріп, оның 3-і ұлттық бірыңғай тестілілеуге қатысып, мемлекеттік грантты 3 оқушы иеленді. Қалған 2 мектеп бітіруші түлек арнаулы орта оқу орындарына түсті.
Денсаулық Ортақшыл ауылында дәрігерлік емхана, Қызылқайың ауылында дәрігерілік пункт жұмыс жасайды. Есепті мерзім ішінде 183 адам диспансерлік ем қабылдаса, диспансерлік есепте183 адам тұрған, 85 азаматқа аудан, облыстық денсаулық орындарына жолдама берілген. Есепті мерзімде ауылдық округке қарасты екі елдімекенде 2 кісі қайтыс болып, 45 нәресте дүниеге келген.
Мәдени іс-шаралар «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Ортақшыл ауылдық клубы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны есепті мерзім кезінде 39 мәдени іс-шараларды ұйымдастырды.
Аяқ су мен егін шаруашылығы Ортақшыл ауылына негізгі аяқ су жеткізетін «Л-5» және «Л-5-2» каналдары аумағында ауыл тұрғындары егін және бау-бақшаны тұқымдарын орналастырды. Ауыл тұрғындарының күшімен каналдарды қоғадан және лайқадан аршу жүргізілді. Ортақшыл ауылдық округінің аумағында орналасқан «Жаңа сас» каналы (ұзындығы 21600 метр) 1965 жылдан бері иесіз тұрған мүлік болуына байланысты, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» заңына сәйкес иесіз мүлік ретінде Шиелі аудандық Әділет басқармасы Республикалық мемлекеттік мекемесіне тіркетілді.
Ауыл тұрғындарының есік алды жерлерін қоса есептегенде 250 гектар жерге егіс егілді. Негізгі дақылдар; тары 55 гектар, картоп 30 га, көкөніс және бақша 65 га жерге егін орналастырылды.
Жұмыспен қамту «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша Ортақшыл ауылдық округінен міндетті қысқа және ұзақ мерзімді кәсіптік оқу курсы бойынша қысқа мерзімді оқыту курсына 7 (жеті) адам, ұзақ мерзімді оқыту курсына 7 (жеті) адам білім алуда.
Бағдарламаның екінші бағыты бойынша «Бастау –Бизнес» жобасы аясында Ортақшыл ауылынан төрт жеке кәсіпкер 1 айлық оқу курсына жолданып, бір жеке кәсіпкер мал басын көбейтуге және бір жеке кәсіпкер наубайхана жұмысын кеңейту мақсатында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 15,5 млн. көлемінде несие алынды.
Несие алғандар
1.ЖК «Сәрсенбай» Сәрсенбай Серік 6 млн.
2.ЖК «Жұматай» Жұматай Қалима 1,5 млн.
Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша 2017 жылдың жыл басынан бері мал басын көбейту мақсатында ШҚ «Ақ Жалғас» және ШҚ «Ақарыс», ШҚ «Расул» атты 3 (үш) шаруа қожалығы және ЖК «Мустахан», ЖК «Салтанат», ЖК «Сәрсенбай», ЖК «Қызылқайың» атты 4 жеке кәсіпкер ашылып, Шиелі ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына тіркеліп, жұмыс жасауда. Кәсіпкерлік мақсатқа аукцион арқылы 2 (екі) жер телімі жарияланып, жеңімпаздары анықталып, құжаттары рәсімделінді. Есепті мерзімде ауылдық округ бойынша 52 азамат жұмыс іздеуші болып тіркеліп, 17 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды, 25 азамат тұрақты жұмысқа орналасты, 4 адам уақытша жұмысқа, 5 адам жастар тәжірбиесімен қамтылды. «Өрлеу» бағдарламасы аясында 2 отбасы қайтарымсыз бір реттік қаражатпен қамтылды.
Мал шаруашылығы, егу жұмыстары Ауылдық округ бойынша 2018 жылдың 1 қаңтарына 1241 бас қой, 1831 бас ешкі, барлығы 3072 бас уақ мал, 2338 бас ірі қара және 554 бас жылқы тіркеуге алынды. «Ақ-Арыс» шаруа қожалығына 217 бас ірі қара және 7 бас асыл тұқымды бұқа тіркеуге алынды.
Ауыз су Ортақшыл елді мекенінің ішкі ауыз су желілері 2012 жылы іске қосылған, бүгінгі күнде елді мекендегі барлық үйлер ауыз су желісін тұрақты пайдалануда. «Жиделі топтық су құбыры» РМК Шиелі бөлімшесі арқылы тәулік бойы су берілуде. Қызылқайың елдімекені тұрғындары шахталық құдықтарды, оның ішінде арнайы 15-20 метр тереңдіктен қазылған ұңғымалардағы ауыз суды пайлануда.
Жол қатынасы, көркейту, көгалдандыру Көркейту-көгалдандыру жұмыстары бойынша Ортақшыл ауылында орналасқан «Тағзым алаңы» арам шөптерден тазартылып, талдардың артық бұтақтары шабылып, түптері әктеліп, бордюрлары ақталып, соғыс ардагерлерінің есімі жазылған керамикалық тақтайшаларды сырлап, тазалап, қораларын сырлау жұмыстары жүргізілді. Ауылда орналасқан барлық электр бағаналары сырланып, ағаштардың түптері әктелініп, С.Сейфуллин және А.Құнанбаев көшелерге күзгі көшет отырғызу жұмыстарын дайындау мақсатында көше бойындағы аяқ су жолдарын арнайы трактормен 600 метр ұзындықта қазылып, арықтарды тазарту жұмыстары жүргізіліп, күзгі тал отырғызу ақциясында 500-ден аса ағаштардың көшеттері отырғызылды.
Ортақшыл ауылдық округіне қарасты жолаушыларға арналған автобус аялдамалары сырлау, ақтау жұмыстары бойынша жөндеуден өтіп, Есабыз Ата көшесі бойына бір аялдама жаңадан тұрғызылды.
Ортақшыл ауылдық округіне қарасты Н.Бәйімбетов көшесінің құжаттары осы уақытқа дейін рәсімделмеген жер актілерін заң аясында рәсімделіп, құжаттары алынды. А.Құнанбаев және С.Тілеубаев көшелеріне 2009 жылы жасатылған жер актілерін Шиелі аудандық Әділет басқармасы Республикалық мемлекеттік мекемесіне уақытылы тіркелмеген жер актілері тіркеуге алынды. 2017 жылғы 4 шілдедегі №322 санды және 19 шілдедегі №343 санды хаттармен «Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» КММ-сіне Ортақшыл ауылдық округіне кіре берісіне паспорт орнату жұмыстарына 1 млн. 687 мың теңге, жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстарына 11 млн. 769 мың теңге, К.Ерубаев, А.Иманов, С.Тілеубаев көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына 21 млн. 44 мың теңге, шағын спорт алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстарына 3 млн. 226 мың теңге, Ш.Уәлиханов көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарына 3 млн. теңге және Есабыз Ата, Ы.Алтынсарин, С.Тілеубаев, А.Құнанбаев, А.Иманов, К.Ерубаев, Ш.Уәлиханов көшелеріне көше жарығын орнатуға 15 млн. 495 мың теңгеге ДК «Дүйсеновпен» жобалық смета жасалынып, бюджеттік өтінім берілді.
Қоғамдық қауіпсіздік Ауылдық округ бойынша қоғамдық қауіпсіздікті және қылмыстың алдын-алу мақсатында аудандық ішкі істер бөлімі тарапынан арнайы учаскелік полиция инспекторы бекітіліп, қазіргі кезде елді мекен аумағына көшіп келіп, жұмыс жасауда. 2016 жылы учаскелік полиция инспекторы қызметтік көлікпен қамтылды.
Діни ахуал Ауылдық округ аумағындағы діни ахуал қалыпты жағдайда. Бөтен пиғылдағы діни ағымдардың жетегінде жүрген ауыл тұрғындары жоқ. Қазіргі кезеңде екі елдімекендегі «Шашты Ата» және «Бақты Ата» мешіттеріне имамдар тағайындалып, жұмыстарын жасауда. Екі мешітке бекітілген имамдардың жалақылары шешілген.
Бұрыннан қалыптасқан салт-дәстүр мен діни шаралар астастырылып, соның айғағы ретінде жылма-жыл «Құрбан-айт» мерекесінің бірінші күнінде Ортақшыл елді мекенінің халқы жиналып, дүниеден өткен ата-баба әруағына зиярат жасап, бір Алланың ризашылығы үшін құрбан шалу рәсімдерін ауызбірлікпен өткізуде.
Жергілікті салықтың жылдық болжамы және орындалуы 2017 жылдың жоспары 704,0 мың теңге, қазіргі таңда орындалғаны 704,0 мың теңге, яғни 100 пайызға орындалды. Талдап айтқанда жылдық болжам бойынша «Жер» салығы 70,0 мың жүз пайызға, «Мүлік» салығы 10,0 мың жүз пайызға, «Көлік» салығы 624,0 мың жүз пайызға орындалды.
Аппараттың жұмысы «Ортақшыл ауылдық окургі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне есепті мерзімде 1212 хат кірістеліп, 668 қатынас хат шығысталды. Осы кезеңде 82 өкім және 29 шешім шығарылды.