Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕҢБЕК ЕРІНЕ КӨРСЕТІЛГЕН ҚҰРМЕТ

ЕҢБЕК ЕРІНЕ КӨРСЕТІЛГЕН ҚҰРМЕТ

Бидайкөл елді-мекеніндегі №148 орта мектепте Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында Социалистік Еңбек Ері Зияда Пірімбетовтың 115 жыл толуына орай «Бақыттың кілті еңбекте» атты аудандық жазба ақындар мүшәйрасы өтті.Зияда Пірімбетов 1902 жылы облысымызға қарасты Сырдария ауданында дүние есігін ашқан. Еселі еңбек жолы барысында көп жетістіктерге қол жеткізді. Милиция қатарында қызмет етіп жүргенде де абыройдың биігінен көріне білді. 1932 жылы «Гигант» колхозының председателі болып сайланды, 1935 жылдан 1941 жылға дейін ауылдық советті басқарды. Ел басына қара бұлт үйіріліп, қиын-қыстау күн туғанда қолына қару алып Ұлы Отан соғысына аттанды. Соғыстан кейін 1946 жылы «Гигант» колхозында мұрап, звено жетекшісі болып қызмет етті.
Ал, 1949 жылы оның звеносы бұл аймақта бұрын-соңды болмаған өнім өсірді. 8 гектардың әрқайсысынан 88 центнерден күріш алды. Еңбектегі ерлігі үшін СССР Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығымен оған Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Аталмыш мүшәйраның ашылу салтанатында ауыл әкімі Қанатбек Қалиев, ардегер ұстаз Оразбек Жұмаділұлы және Зияда Пірімбетовтің немересі Берік Пірімбетовтер Социалистік Еңбек Ерінің өмір жолын тілге тиек етіп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Кент және ауылдық округтерден келген жазба ақындар жиылған көпшілікке таныстырылып, реттілік бойынша өздерінің туындыларын халыққа ұсынды. Социалистік Еңбек Ері атанған еңбекқор азаматтың өмірі, кездескен қиыншылықтары, жеткен жетістіктерін жырларына арқау етті. Бірі сахнадағы өзінің ұстауымен, сөздерінің мағыналылығы, оқу мәнері арқылы көзге көрініп жатса, өзгелері басқа қырларымен танылды.
Байқаудың қорытындысы бойынша сұлутөбелік ақын Гүлмира Жусанбаева бас жүлдені иеленді. Ал, алғабастық белгілі ақын, мәдениет саласының қайраткері Кенжебай Жүсіптің шәкірті Махаббат Мырзагелдиева жүлделі І орын иегері атанды. ІІ орынды Ортақшыл ауылынан келген өнерлі жігіт Ердәулет Қалиев иеленді. ІІІ орынды иемденгендердің қатарынан Бидайкөл ауылының тумасы Қарлығаш Әбілда, Қаратау етегіндегі «Еңбекші» ауылынан келген Самал Батырханова, ақ күріш атасы атанған Ыбырай Жақаевтың рекорд жаңартқан ауылынан арнайы келген Ақтолқын Жорабекқызы көрінді. Барлық жеңімпаздарға алғыс хаттар мен ақшалай сый-сияпаттар табыс етілді.
Ерұлан ДАТКЕНОВ.
15 қараша 2017 ж. 2 412 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031