Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » жыр кеші

жыр кеші

Досбол ауылында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен ауылдық клуб үйінің ұйымдастыруында жазба ақындар мүшәйрасы болып өтті. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жүректерге өлеңмен ұяласам» тақырыбымен өткен жыр сайысы ақын Жалғас Таспамбетовты еске алуға арналды. Аудандық шараға бас-аяғы 16 жазба ақыны қатысып, бақ сынасты. Үміткерлер шарт бойынша Ж.Таспамбетовке бір арнау оқыса, келесі бөлімде ақынның өлеңінен де оқып, талапкерлер өзгелерден даралануы қажет болатын.Сонымен, шараға әділқазылық жасағандар қатарында аудандық мәдениет үйінің қызметкері Г.Құлқараева, тіл маманы Д.Байдрахманова, Ақтоған ауылдық округінің бас маманы Г.Жүзбаевалар болды. Кешті Ақтоған ауылдық ардагерлер кеңесі төрағасы Т.Райымбеков, Ж.Таспамбетовтың қызметтесі әрі шәкірті М.Молдахметов және Д.Байдрахманова ақынның өмір жолына қысқаша тоқталып, осынау жыр мүшәйрасы арқылы қадірлі азаматтың тағылымға толы тағдыры терең насихатталып, жас ұрпақтың жадында жаңғыратынын айта келе, өздерінің жүрекжарды лебіздерімен бөлісті. Мұнан соң өлең өзегіне айналған Жалғас Есенәліұлының бір топ шәкірттері ұстаздарының жазған өлеңдерін тебірене оқып, жиылған жұртты бір толқытты.
“Алуан, алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады” десек, осынау жыр додасында ақындардың басым бөлігі жоғары деңгейден табылды. Жеңімпазды анықтау үшін мүшәйраға қатысушылардың өлеңдерінің мәніне, сахнадағы тұрысы мен мәнерлеп оқуларына жете мән беріліп отырды. Қорытындысында бас жүлдені досболдық А.Сағымбаева иеленсе, 1 орынды Ортақшылдан келген Б.Әбдіқадыров жеңіп алды. Ал, 2 орынды Жансейіт ауылынан келген А.Әбдіғаниұлы мен Жақаев ауылының үміткері Г.Наятуллаева өзара бөлісті. Бәйгеқұмнан келген Н.Шайзат, жөлектік А.Сәбитқызы мен Алмалының намысын қорғап келген А.Фазыловалар 3 орынға тұрақтады. Шара барысында Жалғас Таспамбе­тов­т­ың ұлы Дидар мен қызы Аймереке әкелеріне деген сағыныштарын ән арқылы жеткізіп, жиналғандардың көзіне жас үйірiлді. Әнмен әрленген жыр сайысында арқалы ақын жайындағы айтылмаған естеліктер мен әңгімелер қалмады.
Дина ӘБІЛАСАН.
15 қараша 2017 ж. 1 775 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930