Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бәйгеқұм ауылдық округінің әкімі М.Жүсіптің 2017 жылы атқарылған жұмыстары жөніндегі Есебі

Бәйгеқұм ауылдық округінің әкімі М.Жүсіптің 2017 жылы атқарылған жұмыстары жөніндегі Есебі


Ауыл округі қамтуында 7 заңды тұлға, 10 шаруа қожалығы, 87 жеке кәсіпкер оның ішінде 1 қаңтардан бастап салыққа тір­келгені-27 және М.Әуезов атындағы №251 орта мектеп, байланыс бөлімшесі, «Әсем» бала-бақшасы, 1 жеке бала бақша, 1 дә­рігер­лік стационар бөлімшесі және емхана, ауылдық клуб, теміржол мекемелері бар.
Ауылымызда қолданыстағы электр қуаты мен көше жарықтары техникалық себептермен кідіріс болғанымен, дер кезінде хабарланып, іске қосылады. №251 мектепке жаңа 160 Вт трансформатор орнатылды.
Білім саласы: Егемен еліміздің өркениетке апарар жолдың бастауы – мектеп десек, сол мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұ­ға­лім. Мектептің мұғалімдері қандай болса, шәкірті де сондай болмақ. Мектепте сандық құрамы бойынша жоғары білімді-85, арнаулы орта-2, жалпы 87 педогог қызмет атқарады. Оның біліктілік санаты бойынша жоғары санаттысы-6, 1 санаттысы-35, 2 санаттысы-37, разрядтағылары-9. №251 М.Әуезов атындағы орта мектепте-403 оқушы білім алады. Аудандағы ҰБТ тапсыруға қатысқан 33 мектептің ішінде санағанда балы 22-орында. 22 оқушы мектеп бітіріп 22-сі де арнайы және жоғары оқу орындарына оқуға түсті.
Екі қабатты емхана типтік жобамен 1980 жылы салынған. 1 қ­абатта 12 орындық күндізгі стационар, әйелдер консультациясы, егу клиникалық, лаборатория, пор дәрігерлерге дейінгі, химизаттар ас дайындау бөлмелері орналасқан. 2017 жылы стационарға жатқандардың саны 563 бәрі де жақсарумен емделіп шықты.
Мәдениет саласы бойынша: Бәйгеқұм ауылдық клуб үйінде 4 үйірме жұмыс жасайды. Ән үйірмесінде-9, би үйірмесінде-19, домбыра үйірмесінде-10 және хор үйірмесінде 20 жас оқушылар өнерлерін шыңдауда.
2017 жылы 47 іс-шара орындалды. Ақылы қызмет толық орындалды. Жыл бойы аудандық және облыстық 27 байқауларға қатысып, жүлделі орындармен марапатталды. Атап айтсақ, облыс бойынша үздік клуб-2017 байқауында 3-ші орын иеленсе, әжелер ансамблі облыс бойынша 1-ші орынды иеленді. «Қазақтың келіндері-ай» және мүмкіндігі шектеулі жастардың «Біз жұлдыз боп жанамыз» атты байқауында 1-ші орынды иеленсе, «Шаңырақ сәні – сыйластық» атты отбасылық байқауға бас жүлдені Сыздықовтар өз өмір сүру ережесімен еңбегі арқылы дәлелдей иемденді. Басқа да байқаулардан жүлделі орындарды иемденіп, еңбек етіп келеді.
Рухани жаңғыру туған жерге тағзым тақырыптары бойынша жастарға, қазіргі ұрпаққа өткенді елеп, үлгі тұту, мақтаныш ету мақ­сатында Ш.Есеновтың 90 жылдық мерейтойы және әжелер өмі­рінің мәні мен өнері туралы 10 жылдығы арнайы ауыл бойынша атап өткізілді.
Ауылшаруашылығы саласы бойынша 80 га жерге күріш егіліп, Бәйгеқұм тарихында болмаған мол өнім жиналып, 450 тонна күріш алынды. Ауыл тұрғындары өз қажетіне қарай тегін күріш сабанын алды. 8 шақырым қашыртқы және 4,4 шақырым су жүретін канал-жап демеушілікпен қазылып, су жүруі жақсарып, ауылда ыза су болмауы қамтамасыз етілді. 32 ауыл тұрғыны қауын, қарбыз, асқабақ, көкөністерін 60 га егіп, артылғанын 3 ай бойы Батыс-Еуропа – Батыс-Қытай автожолының бойында нақты ақшаға сату ұйымдастырылды. Арнайы орын тегістеліп берілді.
Кәсіпкерлік қызмет саласы: Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы негізінде қысқа мерзімді оқу орындарынан 27 азамат бітіріп, нәтижесінде 5 азамат жеңілдетілген 14,9 млн. теңге алып, өз кәсіптерін дамытуды ау­ылдағы жұмыссыздарды да жұмыспен қамтуда. (12 жалдамалы) Мал басы өткен жылғымен салыстырғанда 267 басқа артты. Мем­лекеттік қолдау субсидия арқылы берілуде. (Малдың басына, төліне және жем-шөбіне) 425 отбасының 191-і мал асыраумен өз табысын арттыруда. Ауылда 19 дүкен бар. Ол халықты қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етеді. 6 асхана Батыс-Еуропа – Батыс-Қытай автожолы бойында тұрақты қызмет жасауда. 2 шағын монша, 1 шаштараз ақылы қызмет жасайды. Теміржол вокзалы Бәйгеқұм ауылының айнасы деп айтуға болады. Себебі, көрші ауылдық округтерді қосқанда 11000-ға жуық халықтың поезға, автобусқа мініп-түсетін орны. Ауыл әкімінің дербес бюджеті болмаса да ауылдағы теміржол ұжымы, денсаулық сақтау ұжымы, бала-бақша және мектеп ұжымымен бірлесіп жаңа жыл, 8-22 наурыз, 9 мамыр, 1 маусым балалар қорғау күндеріне іс-шара жасалынып мерекелік сый-сияпаттар беріледі. «Мәңгілік алау» орнатылып, 9 мамыр күні 107 соғысқа қатысқан азаматтарға ас беріліп құран бағыштады. Бұл ауыл жастарын отаншылдық қасиетке баулудың бір көрінісі болды.
«Әсем» және Айдана балалар бақшасында 147 бүлдіршін тәр­биеленіп, 51 адам жұмыс істейді. Биылғы жылы балабақша ғимаратына аудандық бюджет есебінен 115,0 млн. теңгеге күр­де­лі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ауыл қамтуында бір кітапхана бар. Бұл кітапханалардағы кітап қоры 16650 дана. Оның ішінде 10896 данасы қазақ тіліндегі әдебиеттер. Кітап оқырманы –793. Кітапханада жыл басынан бері мәдени шаралар өткізіліп келеді. Өткен жылмен салыстырғанда кітап қоры 204-ке, оқырман саны 16-ға артқан.
Тәртіп әрқашан күн тәртібінде тұр. Ауыл әкімшілігі, ақса­қал­­дар­мен, әйелдер кеңесі аймақтық инспектор М.Саржановпен бір­­лесіп ауылдағы тәртіпсіздікті, ұрлықты болдырмау үшін жұмыс жүргізуде. Жасөспірімдер арасында тәртіп сақтау мақсатында тоқ­сан сайын мектеп ұжымдыры және ата-аналармен бірлесіп 11 дөңгелек үстел өткізіліп, түнгі рейдтер жасалынды.Тіркелген қылмыс саны-5, ашылғаны-2. Жұмыстар жүргізілуде.Мал ұрлығын ұрлағандарды ұстауда пада бағушы М.Бектұрсыновтың үлесі болды. Ірі қара ұрлығы тіркелмеген. Кәсіпқой емес ауыл медиаторлары арқылы ауылішілік азаматтық істер мен қылмысы онша ауыр емес істер қаралып, екі жақтың да келісімдері бойынша өз ше­шімін табуда. Бұл ауыл ақсақалдарының ел бірлігін сақтау мен жастарды дұрыс жолға бағыттап имандылыққа баулудың іс жүзінде дәлелдеудің бір көрінісі.
Ауызсу бойынша Ауылдағы №1 скважина күнделікті сағ. 17-00-ден 19-00 дейінгі аралықта су таратып, ал теміржол скважинасы күндіз-түні тоқтаусыз су береді.
Елді мекенде экономиканы әртараптандыру саясаты бойынша ауыл тұрғындары өзін-өзі жұмыспен қамтып, дамуға бейімделіп, кәсіпкерлік қызметтің саны өсіп келеді, атап айтқанда, көл жағасында балық өсіру, шағын өңдеу цехы, суға шомылып салауатты өмір салтын қалыптастыруға 56 жағажай орын ашылып, 4 катер және 28 әртүрлі маркалы қайықтар мен 22 шағын катамарандар демалушыларға ақылы түрде жалға беріліп, кәсіпкерлік қызметтің жаңа түрі дамып келеді. Бұл өз кезегінде жұмыссыздықты азайтып (жұмыссыздық деңгейі 2,5%), ауыл ішінен тұрақты жұмыс орны ашылып, жергілікті өзін өзі басқаруды қаржыландыру мен өңірлерді дамыту жобаларын іске асырады. Өз қаражатына Қалтаев үй алдынан әртүрлі мөлшердегі пенаблок шығаратын шағын аппарат ор­натып, өнім шығаруда. 2017 жылы 1,6 км батпақты жолдар 5705,0 мың теңгеге жөндеуден өтті. Қысқа мерзімді оқыту курсына -14, ұзақ мерзімді оқыту курсына-5. Бастау бизнес курсын оқып бітіргендер- 4. Қорғағандар-3. Бизнес кеңесші бойынша 4 азамат оқып, сертификаттарын алып, нәтижесінде АШҚҚ-нан 2 азамат 5,9 млн. теңге жеңілдетілген несие алды. Сонымен қатар «Береке, ырыс» бағдарламалары бойынша 3 азамат 9,0 млн. теңге жеңілдетілген несие алуға қол жеткізді. Барлығы 14,9 млн. теңге несие алынды. 2017 жылы несие алып, жаңа жұмыс орнын ашқандар саны 194 соның ішінде ағымдағы жылға тиесілі 78 орын.
Салықтандыру мақсатында Елді мекендегі көлік қыз­метімен, ақылы қызмет көрсету арқылы т.б жұмыстарымен өзін-өзі қамтыған азаматтарды Салық органына жеке кәсіпкер ретінде тіркелуіне ықпал жасап, салық органына 32 азаматтардың тізімі жолданды. Нәтижесінде, жыл басынан бері 17 азамат кәсіпкер болып тіркелді. 425 үй мүлік салығы бойынша, 455 жер иеленуші және 94 көлік құралдарының иелері есепте тұрады. 104302 коды бойынша болжам 100,0 мың теңге, бюджетке түскені 105,4 мың теңге. 104102 коды бойынша болжам 40,0 мың теңге, бюджетке түскені 45,1 мың теңге. 104402 коды бойынша болжам 800,0 мың теңге, бюджетке түскені 886,1 мың теңге. Діни және саяси ахуал бірқалыпты, мешіт имамы жоғары білімді дінтанушы, сонымен қатар 2016 жылдың қараша, желтоқсан айларында 2 айлық Алматы қаласында білімін жетілдіріп өтті.
2018 жылға өзекті мәселелер
Бұл жылда да атқарылар істер көп. Қысқаша айтсам: 1.Электр бағаналары 1974-77 жылдары тұрғызылған құлау қауіпінде жері тұзды сортаң жер болған соң түбі шіріген, 44 бағана жөндеуді қажет етеді. (2017 жыл 8 бағана ауыстырылды) 2.Елді мекендер үшін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай автодәлізі бойынан 2 аялдама соғылса, бұл көршілес екі ауылдың да автокөлікке мініп-түсетін жолы. (Жарлпы саны-11 мыңға жуық адам) 3.Самара-Бәйгеқұм-Жөлек трассасы бойынан емханаға дейін көше жарығы орнатылса, 36 көше жарығын орнату (жоба құны 4,0 млн.тг). 4.Ауыл көшелерінің ұзындығы – 12,2 км, соның ішінде, орташа жөнделгені - 3,5 км, 8,7 км жолға орташа жөндеу жүргізілсе, құны-88,0 млн. теңге. 5.Елді мекенде электрик жоқ (КРЭК мекемесіне 1,2 электрик штаттық бірлікпен ауылға бекітілсе.) 6.1980 жылы соғылған ауылдық емхана ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілсе (74,0 млн. теңге). 7.Кәсіпкерлік қызметті туризмді одан әрі дамыту үшін Оқшы ата көшесі бойынан электр желісі 600 метрге және 1 трансформатор бөлінсе.
07 қаңтар 2018 ж. 1 523 0