Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ПАРТИЯ ҚАТАРЫ ЖАҢА МҮШЕЛЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ

ПАРТИЯ ҚАТАРЫ ЖАҢА МҮШЕЛЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Бүгін партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай Шиелі ауданындағы жұмыс сапары барысында партия активімен кездесті. Актив отырысында партия алдындағы негізгі міндеттермен бөліскен партияның облыстық филиалы төрағасы аудандық филиалмен есепті кезеңде атқарылған жұмыстар, сонымен қатар аудандық мәслихаттағы фракция, Партиялық бақылау комиссиясы, филиалға қарасты «Атамекен» бастауыш ұйымының жұмыс есебін тыңдады. Атқарылған жұмыстармен танысқан партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай партия активі алдына сайлауалды уәделердің орындалуын қатаң бақылауға алу, қоғамдық қабылдау бөлмесіне тұрғындардан келіп түсетін өтініштердің оң шешілуіне ықпал ету, партиялық жобаларды жүзеге асыру барысында сайлаушылармен жүйелі әрі тиімді жұмыс жүргізу, бастауыш партия ұйымдарының жұмысын күшейтіп, олардың рөлін арттыру, партия атынан ұсынылған ауыл әкімдерің жауапкершілігін күшейтіп, сайлауалды уәделерінің орындалуына жұмыс жасау жөнінде міндеттер қойды.  Жиында партия қатарына жаңадан қабылданып жатқан азаматтарға партия билеті табысталып, белсенді партия мүшелері алғыс хатпен марапатталды.  Жандос Базартай жаңадан қабылданған партия мүшелерін құттықтап, саяси ұйымның алдағы міндеттерін іске асыруда белсенділік танытуға шақырды.

03 желтоқсан 2025 ж. 64 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031