БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ – ПАРТИЯНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ
Бүгін «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы Болат Сыздық және партия филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова бастауыш партия ұйымының жетекшілерімен кездесті.
Партия белсенділерінің қатысуымен өткен жиналыста партия филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова партиялық кадрлармен жұмысты күшейтіп, жергілікті өкілдік органдарында партияның рөлін арттыру, оның жалпыұлттық күн тәртібін құруда белсенді түрде араласуын қамту, партиялық технологияларды жетілдіру, жастармен белсенді жұмыс жүргізу және партиялық білім сапасын арттыру мәселесінде партия ұйымдарының атқарар рөлі зор екендігін атап өтті. Бүгінде бастауыш партия ұйымдары - партияның іргетасы, сондықтан партия ұйымдарымен үнемі байланыста болу өңірлік партия филиалының негізгі бағыты.
Сонымен қатар, филиал Төрағасы Болат Сыздық Бастауыш партия ұйымдарының жұмыстарына оң бағасын беріп, 2024 жылы жыл соңында келесі көрсеткіштер бойынша:
- Партиялық жобалар бойынша іс шараларды үйлестіру,
- Әлеуметтік желідегі жұмысты күшейту,
- жарнаның уақытылы орындалуы,
- партия қатарын жаңа мүшелермен толықтыру,
- трансферттік шараларды сапалы өткізу бойынша бір қатар тапсырмалар берді. Жалпы ауданда партия филиалымен атқарылған жұмыстар аз емес. Бастауыш ұйымдар партияның әрбір бастамасын жергілікті жерде табысты жүзеге асыруға белсене атсалысып жатыр - деді. Сондай-ақ, жұмыс барысында туындайтын ортақ проблемалық мәселелер талқыға салынып, оларды шешудің нақты жолдары айтылып, алдағы жұмыстары пысықталды. Бүгінде «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалына қарасты 24 БПҰ жұмыс жасап келеді. Ондағы партия мүшелерінің саны 5716-ны құрап отыр.