Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «AMANAT»: Бастауыш ұйымдар – партия тірегі

«AMANAT»: Бастауыш ұйымдар – партия тірегі

Бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жүйелендіру мақсатында олардың төрағалары және ұйым мүшелерімен бірлесе партиялық жобалар, көшпелі қоғамдық қабылдау жұмыстары ұйымдастырылуда. 



«AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық  филиалының Төрағасы Ибадулла Құттықожаев пен Атқарушы хатшы Гүлшат Мұсаева «Ана мен бала», «Ақсуат», «Орталық», «Бірлік», «Ақмешіт» бастауыш партия ұйымдарының 2023 жылы атқарған жұмыстарының есебін тыңдады. 
Олардың 2023 жылы атқарған жұмыстарының есебін тыңдап, ағымдағы жылға нақты тапсырмалар беріп, бірлескен жұмысты одан әрі жалғастыру – басты талап.

«Әр партия мүшесі партияның бастамаларына белсенділік танытып отыруы қажет. Сонымен қатар, еңбегі сіңген азаматтарды дәріптеп, оларға партия атынан жоғарғы марапаттар беруге, қолдауға әрқашан дайынбыз. 
Алдағы уақытта бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жетілдіріп, әрбір партия мүшесімен жеке жұмыс жасап, партиялық жобалардың аясын кеңейту қажет»,-деді партияның қалалық филиалының Төрағасы Ибадулла Дүйсенбайұлы.  

Бүгінде партияның қалалық филиалына қарасты 40 бастауыш партия ұйымдары жұмыс істейді. 
Айта кетерлігі, партияның қалалық филиалы тарапынан партиялық жобалар аясында партия мүшелерінің белсенділігін, қоғамдық жұмысқа қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі деңгейдегі бірлескен іс шаралар легі жалғасын таппақ.

09 сәуір 2024 ж. 126 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№48 (9212)

18 маусым 2024 ж.

№47 (9211)

17 маусым 2024 ж.

№46 (9210)

11 маусым 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930