Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » “ЖАСТАР” БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТІП, ЖАҢА ТӨРАҒА САЙЛАНДЫ

“ЖАСТАР” БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТІП, ЖАҢА ТӨРАҒА САЙЛАНДЫ

«AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалы жанындағы “Жастар” бастауыш партия ұйымының есеп беру-сайлау жиналысы өтіп өтіп, күн тәртібінде 4 мәселе қаралып талқыланды.
Жиналысты “Жастар” бастауыш партия ұйымының төрағасы Біржан Өтебаев Бақтыбайұлы ашып жүргізіп, 2021-2022 жылдары атқарылған жұмыстарды баян етті.
Жиналыс барысында төрағалық қызметті 5 жылдан аса уақыт атқарған Біржан Өтебаев Бақтыбайұлының ұсынысымен, партия мүшелерінің қолдауымен “Жастар” Бастауыш партия ұйымының жаңа төрағасы болып “AMANAT” партиясы Шиелі аудандық филиалының консультанты Ерболат Мұхтаров Саруарбекұлы сайланды.
“Жастар Рухы” жастар қанатының Шиелі аудандық бөлімшесінің басшысы Азамат Қали сөз алып, Біржан Өтебаевқа филиал атынан ерекше алғыс білдіріп, жаңа төраға Ерболат Мұхтаровқа сәттілік тілеп, алдағы уақытта бірлесіп жұмыстар атқаратынын айтты.
Сонымен қатар, Партияның Шиелі аудандық филиалының конференциясына Бастауыш партия ұйымының атынан 2 делегат сайланды.
Жиын барысында БПҰ мүшелері өздерің ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын білдірді.

11 тамыз 2023 ж. 730 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№44 (9411).

13 маусым 2026 ж.

№43 (9410)

09 маусым 2026 ж.

№42 (9409).

06 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930