Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Jasstar» – жаңа мүмкіндік

«Jasstar» – жаңа мүмкіндік

Шілде айының 29 жұлдызында «nur otan» партиясы Шиелі аудандық филиалында саяси кеңес өткен болатын. Сол жиын­да аудан әкімі Әшім Оразбекұлы «Жастар» бас­тауыш партия ұйымын құру және бастауыш партия ұйымдарын ірілендіру мен оңтайландыру мәселелері туралы қаулы қабылдады. Сондай-ақ партияның аудандық филиалының төрағасы «Жастар» БПҰ-на зор сенім білдіріп, сәттілік тіледі.
Аудан әкімі қаулы қабылдағаннан кейін 16 тамыз күні партияның аудандық филиалында «Жастар» бастауыш ұйымын құру туралы мәжіліс өтті. Оған өңірдегі Бестам, Жиделіарық, Майлытоғай, Бидайкөл, Талаптан ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі мамандары, жастар парламентінің депутаттары, денсаулық сақтау саласының жас қызметкерлері, жастар комитетінің төрағалары, жастар ұйымының жетекшілері қатысты. Осылайша ауданның 70-ке жуық жасы жаңа ұйымның құрылуын талқылады. Жиында партияның аудандық филиалының орынбасары Патима Шаймерденқызы төрағалық етті. Сонымен қатар Жастар ресурстық орталығының директоры Біржан Бақтыбайұлы жастар саясаты туралы өз ойын ортаға салды.
– Жастар ұйымының жауапкершілігі жоғары. Шиелі ауданында 23 бастауыш партия ұйымы бар. Соның ішінде жастардың бастауыш партия ұйымын біз 7 ауданның арасында алғашқы болып құрдық. Қазір ұйымның құрамында 25-ке жуық жасты тіркедік, алдағы уақытта олардың санын 1000-ға, одан кейін 5000-ға жеткізу ойда бар. Тағы айта кететін жайт, бұрын «Nur Otan» партиясы аудандық мәслихатқа депутат ұсына алатын болса, енді жастар бас­тауыш партия ұйымынан да депутаттыққа үміткер ұсына аламыз, – деді Б.Бақтыбайұлы.
Осылайша жастар жылы аясында Шиелі ауданында «JasStar» бастауыш партия ұйымы құрылды. Оның төрағасы ретінде Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің жастар ісі жөніндегі маманы Р.Бекжаппаров сайланды. Ал кент әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі жетекші маманы Қ.Жағыпбар төраға орынбасары болып тағайындалды. Аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Ташкенбаева алдағы уақытта ұйымның хатшылық міндетін атқаратын болады. Бұдан бөлек аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, еріктілер мен жас мамандар ұйымның құрамына кіреді.
«JasStar» бастауыш партия ұйымының негізгі мақсаты – партияның жарғылық мақсаты мен міндетін, бағдарламалық құжатын тұрғындар арасында түсіндіру және іске асыру. Сонымен қатар аудан жастарын бір арнаға тоғыстырып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыс істеу. Осы орайда ұйым келешекте жастардың өзекті мәселесіне мән беріп, оның түйінін тарқататын шараларды ұйымдастырмақшы.

Маржан ҚҰРМАНҒАЛИЕВА

20 тамыз 2019 ж. 1 007 0