Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Дамуы дараланған «НҰР ОТАН»

Дамуы дараланған «НҰР ОТАН»


Елбасы Н.Назарбаев жетекшілік ететін «Нұр Отан» партиясы Қазақстандық көшбасшы партия ғана емес, әлемдік деңгейде де бағыт- бағдары айқын және даму барысы дараланған биіктігімен бағалы болып отыр.
Көктемнің алғашқы күні «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалында «Партия күні» және «Алғыс айту» күні аталып өтті. Құрылғанына 19 жыл болған нұрлы істердің партиясы қазақстандықтардың басын біріктірген үлкен ұйымдардың бірі болып отыр. Аудандық партия филиалының мәжіліс залында өткен салтанатты жиынға «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі Әшім Оразбекұлы, филиал төрағасының бірінші орынбасары Патима Махамбет, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, партия ардагерлері мен белсенділері, аудандық мәслихат депутаттары, «Жас Отан» жастар қанатының аудандық өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты.
Шараны аудан әкімі Ә.Оразбекұлы ашып, жиылған жұртшылықты қабат келген қос мерекемен құттықтап, белсенді саяси ұйымның тарихына қысқаша шолу жасады. «Партия күні» қарсаңында жаңа мүшелер қабылданып, партиялық билеттер табысталды. Партия қатарына жаңа қосылғандардың қатарында педагогтар, кәсіпкерлер, ауыл шаруашылық саласының мамандарымен қатар өнеркәсіп саласының өкілдері бар. Партбилетпен қатар үлкен жауапкершілік алған жас­тар «ел мүддесіне мейлінше қызмет етеміз» деп жатты. Сонымен қатар, осы күні «Нұр Отан» партиясының жұмысына белсенді араласып, қоғамдағы іскерлігімен көзге түскен бірқатар партия ардагерлері мен белсенділеріне Шиелі аудандық партия филиа­лы төрағасының Алғыс хаты табысталды. Осылайша, елмен етене, әлеуметпен әріптес партияның құрылған күні және «Алғыс айту» күні бас қосқан аға буын мен жастар естелік суретке түсіп, тарқады.
Сонымен қоса, аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен М.Шоқай атындағы орталық алаңда 1 нау­рыз – Алғыс айту күні және Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына жастар флешмоб ұйымдастырды. Шараға 300 жас және аудан тұрғындары қатысты. Жиын соңында арнайы құттықтау үнпарақшалары таратылды.

Бақытжан МӘДЕНОВ.
Суретті түсірген
Бақытжан БӘЙІМБЕТ.
03 наурыз 2018 ж. 1 424 0