19 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ПАРТИЯ...
Бүгін «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалында "Нұр Отан" партиясының құрылғанына 19 жыл толуына орай «Партия күні» және «Алғыс айту күні» мерекесі аталып өтілді. Салтанатты жиынға «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі
Ә. Оразбекұлы, аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары П. Маханбет, партияның аудандық филиалына қарасты Бастауыш Партия Ұйымдарының төрағалары, партия ардагерлері мен белсенділері, аудандық мәслихат депутаттары, «Жас Отан» жастар қанатының аудандық өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Партияның құрылған күніне орай ұйымдастырылған шараны «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Әшім Оразбекұлы ашып, барша партия мүшелерін "Нұр Отан" партиясының құрылған күнімен және "Алғыс айту" күнімен шын жүректен құттықтады. Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы Әшім Оразбекұлы «Нұр Отан» партиясының жұмысына белсенді араласып, өздерінің қоғамдағы белсенділігі мен іскерлігімен көзге түскен партия ардагерлері мен бірқатар белсенділерін арнайы «АЛҒЫС» хаттарымен марапаттап, партия қатарына жаңадан қабылданған азаматтарға салтанатты түрде партиялық билеттер табысталды.