Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ПАРТИЯ БЕЛСЕНДІЛЕРІ БАС ҚОСТЫ

ПАРТИЯ БЕЛСЕНДІЛЕРІ БАС ҚОСТЫ


СӘРСЕНБІ КҮНІ «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ҒИМАРАТЫНДА 6 ШІЛДЕ – АСТАНА КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ АУДАН ӘКІМІ ПАРТИЯ БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ.
Шараны «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы Ә.Оразбекұлы ашып, жүргізді. Жиынға жиылған аудандық филиалға қарасты бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, ардагерлері мен белсенділерін, «Жас Отан» жастар қанаты аудандық өкілдерін мерекелерімен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі. 20 жыл ішінде өзгеше кейіпке енген Елорда мен тәуелсіз қазақ елін сөзіне арқау етіп, бағындырған белестерді мақтанышпен жеткізді.
Сонымен қатар, партия төрағасы: «Аудандық партия филиалында, өндіріс орындарында, кәсіпкерлік және ауылшаруашылық салаларында, медициналық және білім беру мекемелерінің 6 мыңнан астам партия мүшесі 30 бастауыш партия ұйымдарына бірігіп, партия саясатын жергілікті жерде жүзеге асырып жатыр. Қазіргі таңда, біз тек партия мүшелерінің санын көбейту ғана емес, партия сапындағылардың сапалық құрамына да назар аударып келеміз. Себебі, партиялық тәртіп пен оның мүшелерінің ар тазалығы, партия өкілдерінің сапалық құрамы маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Сондықтан бүгінгі Астана күні мерекесі қарсаңында «Нұр Отан» партиясы­ның қатарына жаңа мүшелерді қабылдаймыз», – деп біршама жанға партияның билетін табыс етті. Сондай-ақ, Астана күніне орай «Нұр Отан» партиясының жұмысына белсенді араласып, өздерінің қоғамдағы белсенділігі мен іскерлігімен көзге түскен партия ардагерлері мен белсенділерін алғыс хатпен марапаттады.
Е.ДАТКЕНОВ.
06 шілде 2018 ж. 1 213 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930